Президенттен алғыс алған павлодарлық ауыл мұғаліміне “Білімді ел” газеті жылдық жазылым сыйлады

Кайриден Музафаров Павлодар облысы, Баянауыл ауданы академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Қырық жылға жуық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаз мұғалімдер күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат алды. Президенттен алғыс алған павлодарлық ауыл мұғаліміне “Білімді ел” газеті жылдық жазылым тарту етті. Бала жанының бағбаны бола білген Қайриден ұстаз білім саласының бас басылымына өз алғысын білдіреді.

Қайриден Нухинович педагогикалық жаңа технологияларды өз сабағында үнемі шеберлікпен пайдаланып, пәнге деген қызығушылығын оятады. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасай отырып, білімін нығайтады, шығармашылық деңгейін арттырады. Ол жан-жақты ізденгіш, өз ісіне жауапты, өзіне де әріптестеріне де талап қоя біледі, оқушылары аудандық, облыстық, халықаралық жүлдегер иегерлері.

Мықты педагог Баянауыл ауданы, Теңдік ауылындағы мектепте Академик Қаныш Сәтбаев музейін ұйымдастырған. 27.05.1989 жылында музей ашылды. 1988-1989 жылдары Алматы, Қарағанды, Павлодар, Баянауылда Ғалымның әріптес қызметкерлері академик Ш.Шокинмен, туыстары Ғ.Сәтбаевпен, Кемел Ақышевпен қыздары Ш.Сәтбаева, Қ.Сәтбаева, М.Сәтбаева кездесіп. Көптеген экспонаттарды музейге тапсырған.  2002-2005 жылдары аралығында тарихшы – ғалым Е.Бекмахановтың өмір жолын зерттеп Алматы қаласындағы туған туыстарымен кезесіп, жұбайы Қалима Адамқызынан, балаларынан көптеген естеліктер, құнды материалдарға қоса сирек кездесетін экспонаттар  әкелінді. Мәскеу, Астана, Алматы, Қарағанды Павлодардан келген ғалымдармен «Е.Бекмаханов оқулары» №1, №2 ғылыми тәжірибелік конференцияның инициаторы және ұйымдастырушысы. 2012 жыл Павлодар ауданы Заря ауылының жарты ғасырлық мерейтойына Заря жалпы орта білім беру мектебінде бірнеше отандық және халықаралық экспедицияларды ұйымдастырған профессор Тілеубек Сәкенұлы Рымжанов атындағы тарихи-өлкетану музейін ұйымдастырушы.

Сан жылдық тәжірибесі бар білікті маманның жеткен жетістіктері де көп. 2013 жылы Марат Ақжан Республикалық пән олимпиадасынада биология пәнінен Талдықорған қаласында ІІІ орын иеленді, бір жылдан соң Ануарбек Мақсат математика пәнінен Халықаралық пән олимпиадасы грант иегері. Мәскеу қаласы, 2014 жылы Мақсұт Аян математика пәнінен Халықаралық пән олимпиадасының иегері.Үндістан қаласы, Еркін Дәулет, 2018 жылы Ғосман Ақниет «Алтын белгі» иегері, 2014 жылы Бакбаева Айгерім Халықаралық Сәтбаев оқуларында биология пәннен ІІІ орын иеленді, 2015 жылы Ермек Ақсана Облыстық пән олимпиадасында тарих пәннен ІІІ орын иегері, 2015 жылы Ермек Ақсана Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХҮ Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясында тарих пәннен ІІІ орын иегері атанды.
Бағдәулет НҰРМАТ, 
Павлодар облысы білім беру
басқармасының баспасөз хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий