Қызылордалық НЗМ ұжымы тәлімгер ұстаздарына құрмет көрсетті

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы білім саласының ардагер ұстаздары мен өмірде ерекше орын алатын сүйікті мұғалімдеріне «Білімді ел – Образованная страна» республикалық басылымына жылдық жазылымын сыйға тартты.

Еліміздің білім саласындағы бас гезеті ұымдастырған «Ұлағатты ұстазға – ыстық ықыласпен!» атты әлеуметтік жобасына зияткерлік мектептің басшысынан бастап ұстаздар қауымы қолдау білдірді. Мектептің 20-ға жуық қызметкері өздерінің өмірлерінде ерекше орын алатын ұстаздарына құрмет көрсетті. Бірі бастауыш сыныбындағы сынып жетекшісіне алғыс білдірсе, екіншісі өмірлік тәлімгер ұстаздарына, мұғалімдік жолындағы әріптес достарына Ұстаздар күнінде ерекше сый жасады.

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Ляззат Абдраимова ұзақ жылдар бойы мектеп директоры болып, қалалық білім бөлімінде басшылық қызмет атқарған аймақтың белгілі ұстазы Зоя Сергазиевна Уполходжаеваны ерекше құрметке бөледі. Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 «Мұрагер» мектебінде бірге жұмыс атқарған сәтті күндерде Зоя Сергезиевна өзінің апалық қамқорлығын көрсетіп, білгенімен бөлісті дейді ол.

Ляззат Абдраимованың Зоя Сергазиевна Уполходжаеваға басылымның жылдық жазылымын табыстау сәті

«Зоя Сергазиевна маған көп нәрсені үйреткен алғашқы тәлімгерім. Әділ, әрі еңбекқор басшы ретінде таныймын. Қашанда ізденіс үстінде жүріп, тыңғылықты істерімен мектепті жаңа сатысына көтере білген кісі. Бүгін де ол маған өзінің ақыл-кеңестерін айтып келеді. Сол үшін оған үлкен алғысымыды білдіргім келеді», – дейді Ляззат Ондирисовна.

Қаза тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Мананбай әлеуметтік жоба асында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі орта мектепте ұзақ жылдар бойы қызметін атқарып, ҚР “Білім беру ісінің үздігі” атағын иеленген ұстаз Ғалия Асқароваға құрмет көрсетті.

«Ғалия Әбдіәзизқызы – барлық ғұмырын ұстаздыққа арнаған, қарапайым физика пәнінің мұғалімі болудан бастап, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген, өзі басқарған ұжымның үлкен жетістіктерге жетуі үшін аянбай еңбек еткен, бүгінде зейнет жасында болса да, заман ағымына ілесіп, өз кәсібін дөңгелетіп отырған парасатты тұлға. Менің ұстаздық жолымда бұл кісінің алар орны ерекше. 2002 жылы мектептің басқару саласының үлкен тізгінін, оқу ісінің меңгерушісі қызметін тапсыруда үлкен сенім білдірген еді. Үнемі өз тарапынан тәлімгерлік танытып, өмірлік тәжірибе жинауға көп көмектескен ұстаздың бойындағы уәдеге беріктік, адамгершілік, әділдік, білімге деген құштарлық сынды қасиеттері көп жанға үлгі болатын. Ұстаздар мерекесі қарсаңында ұстазымның маған берген өмірлік сабағы үшін шағын сый жасауды жөн көрдім», – дейді Гаухар Абайқызы.

Педагог-ұйымдастырушы-куратор Әділжан Абажанов жоғары оқу орнынада бірге оқыған әріптесі, биология пәнінің мұғалімі Салтанат Балабаеваға басылымның жылдық жазылымын табыстау сәті

Мектептің барлық 14 қызметкері басылымның жылдық жазылымына қосылды. Кейбірі өздері жазылса, кейбірі балаларының ұстаздарына, өздерінің алғашқы сынып жетекшілері мен зейнеткер ұстаздарға табыстады.

Елена  РЫБИНА
Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий