Күзгі демалыс

Оқу жылының басталғанына аз уақыт өткенімен, күзгі демалысты да артта қалдырдық. «Ақбота «мектеп-балабақша кешенінде» күзгі демалыс оқушылардың көңілінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Өйткені, кешен педагогтары бұл үшін аянбай еңбек етті.

Демалыстың әр күні белгілі тақырып бойынша өткізілді. Алғашқы күн спортқа арналса, келесі күн «Интеллектуал» күні болды. Бұл күні 3 – сынып оқушылары қазақ тілі, орыс тілі және математика пәндерінен олимпиада тапсырмаларын орындап, білімдерін сынға салды. Сәрсенбінің сәтті күні оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны, жазушы – Абай Құнанбаев туралы білімдерін шыңдап, көптеген тың мәліметтер алды. Бұл күн – әдебиетке арналған күн болды. Шара соңында бастауыш сынып оқушылары Абай Құнанбаев шығармаларынан альбом жасады. Демалыстың төртінші күнін бастауыш сынып педагогтары экологияға арнады. «Экологиялық брейн-ринг» ойынының соңында оқушылар «Күздің сыйы» шеберханасында жұмыс жасады.

3 – сынып оқушылары мұғалімдерінің жетекшілігімен шеберханада өте керемет туындылар жасады. Соңынан жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастырылды. Демалысытың соңғы күні қылқалам шеберлеріне жол берілді. «Алтын күз» тақырыбындағы оқушылардың салған суреттері қаз-қатар қойылды. Оқушылар онда өз туындыларымен таныстыра отырып, салған суреттерін сөйлетті, яғни өз туындылары туралы айтып берді.

Осылайша «Ақбота» МББК КММдегі 3 – сынып оқушыларының күзгі демалысы өз мәресіне жетті. Келесі тоқсанды оқушылар зор күш – жігер, ынтамен бастауына, күзгі демалыстарының мағыналы өткеніне септіктерін тигізіп, жұмыс жасаған бастауыш сынып ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Гулбахыт ИМАНБАЙ, 
«Ақбота «мектеп-балабақша кешені» КММ қазақ тілі мұғалімі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий