Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін, болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтты. Тұңғыш Президент мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқашан жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» – деген болатын. Сондықтан латын әліпбиіне көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады.

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқашан қиындық, кедергілер болмақ емес» – деп жазады Н.Ә.Назарбаев мақаласында.

Шынымен де заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон т.б. нәтижесінде ағылшын тілі әр қайсысымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сондықтан латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Бұл әліпбиді қолдану – озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтеді.

Латын әліпбиіне кіру – бұл басқасын айтпағанда түркі халықтарына ортақ әріп. Сондай-ақ, халықаралық терминологияны немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі де көбінесе латынша жазылады. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты кезеңдік іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары Жамбыл облысы мен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ бірлескен түрде «Латын әліпбиіне көшу кезеңдеріне сәйкес педагог біліктілігін арттыруды жүйелеу» тақырыбында Республикалық семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты: латын әліпбиіне көшу кезеңдеріне сәйкес педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда әліпбидің әдістемелік мәселелері мен емле ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылау. Семинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ басқармасының өкілдері,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының директорлары мен тренерлері, Нұр Отан партиясы облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, ЖОО профессор-оқытушылық құрамы, облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері, білім басқармасының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері және талқыланатын мәселеге қызығушылық білдірген тұлғалар қатысты. Семинар жұмысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, т.ғ.к М.Ахтаев «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – рухани жаңғырудың басты құндылығы» атты тақырыпта баяндама оқыды. 2019 жылдың 28 қазанынан бастап «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» курсы шеңберінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушылары М.Құдайбергенова және Ж.Нұрлыбаеваның жетекшілігімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында барлық білім беру ұйымдары қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар» тақырыбында онлайн-вебинар өз жұмысын бастады. Оқыту бағдарламасында теориялық және тәжірибелік материалдар берілу жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 11 қарашасында «Өрлеу» БАҰО АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында ЖОО профессорлық-оқытулар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында оқыту курстары «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ аға оқытушылары М.Құдайбергенова және Ж.Нұрлыбаеваның жүргізуімен жалғасын тапты. Жаңа қазақ әліпбиінің құрылымы мен сипаттамасын, қазіргі айтылым және жазылым нормаларын үйрету мақсатында өтіп жатқан курстар барысында тыңдаушылар латын графикасымен танысып, қазақ тілі емлесінің ережелері жобасын талқылауда. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз.

Гүлбақыт  СЕЙІТМАН,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Түркістан облысы бойынша Өкілдігі» бөлімінің бас маманы  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий