Логопедтің қоғамдағы қызметі

Біздің білім ордасында логопедия ғылымын дамыту қолға алынып, жас бүлдіршіндердің болашағына сай ақпаратты коммуникативті технологияның қызметі ұтымды үйлестірілуде. Заманауи өзгерістердің толқынында сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою жолындағы жаңа ақпараттық технологияларға үлкен мән беріліп отырып. Осы тұрғыда логопедия ғылымы шет қалып отырған жоқ.

Қазіргі таңда, логопедия ғылымы өзекті мәселелердің біріне айналып кетті. Компьютерлік технологиялар түзету, дамыту жұмысының әсерлі әрі тиімді әдісі ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Олар дәстүрлі сабақтардың құрамына енгізіліп, қосымша инновациялық технологиялар элементтерінің көмегімен тұтас логопедиялық сабақтың іс жүзіне асыруын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар балалардың сөйлеу тілін түзетуде ең тиімді құрал болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ын пайдалану балалардың сөйлеу әрекетін дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді.

Сөйлеу тілі дамымаған балалармен жұмыс жасау барысында АКТ-ны пайдалану логопедке едәуір көмек беретіні сөзсіз. Мәселен, фонематикалық есту қабілетін дамытады, лексикалық сөздік қорын арттырады, қарапайым сөйлеу дағдыларын көбейтеді. Логопедиялық түзету сабақтарында тікелей қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды үш ретке жіктеуге болады. Олар аудио, бейне және мультимедиялық құралдар.

Логопедтің ақпараттық технологияларды пайдалану барысындағы оқушы мен технология жұмысының нәтижесін былай көруге болады. Біріншіден уақытты үнемдейді, екіншіден көрнекіліктерді тиімді жүзеге асырады, үшіншіден оқыту үрдісін қызығырақ өткізеді, төртіншіден ізденушілік қасиеті мен педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Осыдан кейін оқушының ақыл-ой мен сенсорлық қабылдауы, сөз байлығы, сөздік қоры, ұйымшылдығы, достық қатынасы және мәдениетілігі дамиды.

Сонымен қатар, логопед жұмысында компьютерлік логопедиялық тренажер «Дэльфа» атты бағдарлама бар. Бұл бағдарлама есту және сөз сөйлеуден кемшіліктері бар балалардың ауызша және жазбаша тілдерін жан – жақты түзетуге бағытталған. Бағдарламаның арқасында балалардың сөйлеу дағдылары, сөздік қоры, сабаққа деген ынтасы біршама артып, өздерін қоршаған ортада сенімдірек сезіне бастайды. Оның үстіне оқу мен жазу үрдісін дамытып, көру және есту дағдылары едәуір жақсартады.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның арқасында балалардың сөйлеу тілі дамып қана қоймай, іскер әрі талантты, сөзшең болып өседі. Десек те, өз сабағында компьютерді қолдана отырып, мұғалім – логопед өз жұмысының негізгі мақсаты – баланың басқа адамдармен толық қатынас жасауын, сөйлеу тілін түзету үшін естен шығармауы тиіс. Сабақтың негізгі бөлімі логопед пен оқушы арасындағы тікелей қатынасқа арналуы тиіс. Осыған орай, компьютерді қосымша құрал ретінде қысқа уақыт ішінде жұмыс жасау үшін пайдалануға кеңес беріледі.

Ақбөпе Сайдинқызы УАЙТОВА,
№108 жалпы білім беретін мектептің
логопеді, Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий