Феномен оқыту әдісін сабақ процесінде қолданудың маңызы  

Қазіргі таңда білім жүйесінде көптеген өзгерістер жүруде. Дәстүрлі оқыту артта қалып, оқытудың жаңа жолдары қарастырылған. Соның бірі феномен негізінде оқыту. Феномен бірнеше пәндердің түйіскен нүктесінде қарастыру, пәндерді кіріктіріп оқыту. Феномен негізінде оқыту әдісінде туындаған проблеманы бірнеше пәндердің аясында зерттеу көзделген. 

Мысалы «Судың құрамын анықтау» тақырыбы бойынша тек бір пән аясында оқытылмай үш немесе оданда көп пәндер аясында оқытуға да болады. Осы тақырыптарды химия, биология, физика және информатика пәндерін кіріктіре отырып оқу оқушының  білімді игерудің бірде бір жеңіл жолы деп қарастыруға болады. Бір пәнен алған білімін екінші және үшінші пәндерде  қолдану білімді жүйелеуге, ортақ қорытынды шығаруға, ізденіс жұмыстарын жүргізуге, пәнге деген қызығушылығы артуына ықпалын тигізеді. Феномен негізінде оқытуды кезеңдерге бөлуге болады.

Зерттеу кезеңдері. 

            І. Дайындық кезеңі

  1.     Мұғалімдерден топ құру.
  2.     Оқу мақсаттарын талдау.
  3.     Сауалнама алу.
  4.     Оқушылардан топ құру.

ІІ. Өту кезеңі

Бірінші қадам

  1.     Феномен ұйымдастыру мақсатын түсіндіру.
  2.     Феноменді және бағыттарын анықтау.
  3.     Жоспарлау.

Екінші қадам.

  1.     Феноменді зерттеу.
  2.     Кездесулер ұйымдастыру (оқушылар және мұғалімдер)
  3.     Жоспарлау.

 ІІІ. Қорытындылау кезеңі

  1.     Деректер мен нәтижелерді жинақтау, сараптау және қорытындылау (оқушылар және мұғалімдер).

    Ұсыныстар жасау.

Химия, биология, физика және информатика пәндері бойынша ортақ оқу мақсаттары

 Пән

 Химия

 Биология

 Физика

 Информатика

 Оқу мақсаттары

– Хлордың суды тазалаудағы қолданылуын түсіну және бұл процестегі артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру

– Микроағзалардың қоректену түрлерін анықтау

– Диспенсер суының, құбырдағы судың және тұзды судың сыну көрсеткіштерін зерттеу.

– Судың ішуге жарамдылығын анықтау

 

– Ақпарат жасау жолдарын үйрену

– Ақпарат қорғау тәсілдерін білу

 Пән бойынша тақырып

17 топ. Хлор қасиеттері.

Микроағзалардың топтамасы

Жарықтың сынуы

Ақпаратты қорғау

 Ортақ тақырып

Судың құрамын анықтау

 Мерзімі

08.04.2019

19.04.2019

10.04.2019

22.04.2019

Оқушылар оқу мақсаттарын меңгеру барысында тек мектеп қабырғасымен шектеліп қоймай, мектептен тыс «Су құбыры» және СЭС қызметкерлерімен кездесіп судың құрамын анықтау және тазарту жолдарын қарастырды. Суда тіршілік ететін микроағзалардың көбейуін зерттеді. Өздерінің химия, биология, физика зертханаларында судың құрамын тек химия биология тұрғысынан емес физика тұрғысынан жарықтың сынуы арқылы оның тазалығын анықтай алатынын көрсетті. Зерттеу күнделіктері мен есептеулер жүргізді.    

Іріктеліп алынған оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындауда 100% білім сапасын көрсетті.  Жасалған зерттеу жұмыстарынан оқушыларға насихат жұмыстарын жүргізу барысында информатика пәінін алған білімдерін пайдалана отырып постерлер, брошюралар, интернет желісінде сайдтар жүктеді.

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: – Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек, – деп атап көрсеткендей білім берудің тиімді жолдары арқылы жас ұрпақты біліммен қаруландыру, жоғары білімді ұлт болып қалыптасуына әр ұстаздың қосар үлесі мол деп ойлаймын.

Қарлығаш Амантайқызы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
Талдықорған қаласындағы физика- математика
бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің
химия пәнінің мұғалімі, Алматы облысы

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий