Есепті кезеңнің соңында шоттар бойынша қалдықты анықтау
«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні аясында «Есепті кезеңнің соңында шоттар бойынша қалдықты анықтау» тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі әзірленді. Оны арнайы пәндер оқытушысы А.Н.Мұхаметова дайындады.
Әрбір кәсіпорында бір айдың ішінде көптеген шаруашылық әрекеттер орындалады, сондықтан шаруашылық үдерістердің нәтижелері туралы мәліметтер алу қажет. Ал мұндай деректер күнделікті керек болады. Осындай мәліметтер бухгалтерлік есеп шоттар арқылы алынады. Бухгалтерлік шоттар – бұл ағымда есепке алу үшін кәсіпорынның шаруашылық құралдарының, олардың құрылу көздерінің және шаруашылық үдерістерінің құрамында болып жатқан өзгерістерді ақшалай және заттай бірліктерде экономикалық жағынан топтастыру әдісі. Шот есеп беру үшін ақпараттарды жинақтаушы болып табылады.
Сабақтың түрі: тәжірибе сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, бейнелеп-түсіндіру, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға бухалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарымен жұмыс жасауды үйрету, бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері екі жақты жазу әдісімен жұмыс жасауды және осыған сәйкес шоттар корреспонденциясын дұрыс беруді үйрету.
2.Дамытушылық: Сабаққа белсенділіктерге арттыру мақсатында ізденуге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру. Есеп шығару арқылы білімділік дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және болашаққа сеніммен қарауға баулу.
Пәнаралық байланыс: «Қаржылық есеп» , «Салық және салық салу»
Пәнішілік байланыс: «Қаржылық есеп пен бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары», «ҚР салық жүйесі»
Көрнекі құралдар: слайдттар, тірек-сызбалар, схемалар, тестілер.
Оқытудың техникалық құралдары: мультимедиялық проектр
Негізгі әдебиет: В.Л.Назарова «Бухгалтерлік есеп», Ш.М.Торшаева «Бухгалтерлік есептің негіздері», Б.Оразбекұлы «Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері»
Қосымша әдебиет: Л.А Поринг «Бухгалтерлік есеп теориясы» практикум.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыптарды қайталау.
І. Тапсырма
Үй тапсырмасына студенттерді 4 топқа бөлу.
4 топ кәсіпорын түрінде қатысады.
4 кәсіпорынның бухгалтері және кассирі болады.
Әр сұрақтың өз құны болады. Кәсіпорындар өздеріне ақша жинау керек және осы кәсіпорындарының кассирі түскен ақша қаражаттарының сомасын есептеп, санын шығарып тұру керек. Ол ақша тапсырма берушінің есеп айырысу шотынан кәсіпорындардың кассасына беріледі. Жиналған ақша көлемі бухгалтерлік есеп негіздері сабағының үй тапсырмасы бойынша тақырыпты толық игергенін және шоттар бойынша жұмыс істей алатынын көрсетеді. Кәсіпорын бухгалтері бағалау парағы бойынша өзінің командасының жауаптарын, орындаушыларының өздік жұмыстарын қадағалап, бағалау жасау жұмысын жасайды, атқарады.
Бүгінгі үй тапсырмасы 5 кезеңнен тұрады:
І кезең: «Бухгалтерлік шот ол не?» тапсырмасынан басталады.
Мұнда сұрақтың құны күрделілігіне қарай берілген.
1-2 сұрақтың құны – 200теңге Әр жауап – 100теңге
3-4 сұрақтың құны – 300теңге. Әр жауап – 150теңге
1 сұрақ құны 200 теңге:
- Бухгалтерлік шотты сызба түрінде көрсетіңіз.100тг
- Бухгалтерлік шотқа сипаттама беріңіз.100тг
Жауабы: 1.Қаражаттың ұлғаюы немесе азаюы бейнеленіп көрсетілуі үшін шот екі бөлікке бөлінеді: Дебет Шот атауы Кредит
2.Шоттардың көмегімен есептің біртекті объектілерін, ағымдағы бақылауды экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің нәтижелерін сипаттайды.
2 сұрақ құны 200 теңге:
1.Бухгалтерлік шоттардың қандай түрлері болады?
2.Синтетикалық және аналитикалық шоттар арасындағы айырмашалық қандай?
3 сұрақ құны 300 теңге:
1.Активті шот дегеніміз не? 150 теңге.
2.Активті шот бойынша басындағы сальдо нені білдіреді, айналым қалай есептелінеді және айдың аяғындағы қалдық қалай құралады ? 150 теңге
4 сұрақ құны 300 теңге:
Пассивті шот дегеніміз не? 150 теңге
Пассивті шот бойынша басындағы сальдо нені білдіреді, айналым
қалай есептелінеді және айдың аяғындағы қалдық қалай құралады?150тг
Тәжірибелік тапсырманы бастамас бұрын, Kohoot – векторинасы арқылы тест сұрақтарына жауап берейік.
2 кезең: «Бәйге»
Тест сұрақтарына жауап беру.
ІІІ.Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмасы:
3 кезең: «Мен бухгалтермін». Тәжірибелік тапсырманы орындау кезегі.
Активті және пассивті шоттардың толық схемасы қалай құрылады?
1 ұйым «JLC produktion»
Шот |
Шот аталуы |
Сомасы теңге |
2412 |
Ғимараттар мен құрылғылар |
750 000 |
3350 |
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек |
14 000 |
1310 |
Шикізат және материалдар |
172 000 |
1312 |
Отын |
41 000 |
1320 |
Дайын өнім |
65 000 |
1010 |
Кассадағы ақша қаражаттары |
18 000 |
5030 |
Жарғылық капиталға салымдар мен пайлар |
780 000 |
2 ұйым «Самрұқ»
Шот |
Шот аталуы |
Сомасы теңге |
2410 |
Негізгі құралдар |
660 000 |
3350 |
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек |
4 000 |
1310 |
Шикізат және материалдар |
160 000 |
1330 |
Тауарлар |
50 000 |
3010 |
Қысқа мерзімді банктік қарыздар |
30 000 |
1010 |
Кассадағы ақша қаражаттары |
8 000 |
5030 |
Жарғылық капиталға салымдар мен пайлар |
580 000 |
3 ұйым «Береке»
Шот |
Шот аталуы |
Сомасы теңге |
1030 |
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары |
750 000 |
3350 |
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек |
14 000 |
1310 |
Шикізат және материалдар |
172 000 |
1312 |
Отын |
41 000 |
1210 |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
65 000 |
1010 |
Кассадағы ақша қаражаттары |
18 000 |
5030 |
Жарғылық капиталға салымдар мен пайлар |
800 000 |
4 ұйым «Coca-cola»
Шот |
Шот аталуы |
Сомасы теңге |
2414 |
Көлік құралдары мен жабдықтар |
750 000 |
3350 |
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек |
14 000 |
1310 |
Материалдық емес активтер |
172 000 |
1312 |
Отын |
41 000 |
3120 |
Жеке табыс салығы |
65 000 |
1010 |
Кассадағы ақша қаражаттары |
18 000 |
5030 |
Жарғылық капиталға салымдар мен пайлар |
780 000 |
4 кезең: «Сәйкестікті тап» Тапсырма құны – 400 теңге.
1.Валюталық счеттан ұйымның кассасына түскен нақты ақша?
2.«Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін ұйымның кассасына ағымдағы есеп айырсу счетынан ақша алынды»
3. «Негізгі өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді»
4. «Ұйым қызметкерлеріне кассадан берілген еңбекақы»
5. Төменде берілгендердің қайсысы ұзақ мерзімді активтерге жатады
1.1-жер;
2.2-машиналар мен жабдықтар;
3.3-тауарлы-материалды қосалқылар;
4.4-ғимараттар мен құрылғылар;
5.5-материалды емес активтер;
7.7-басқалай негізгі құралдар.
5 кезең: «Екіжақты жазу нені көрсетеді?» Тапсырма құны – 500 теңге.
Жасалған операцияларының нәтижесінде баланс құрастыру қажет.
«Көктем» фирмасының 1 қаңтар 2018 жылғы БАЛАНСЫ
АКТИВ |
сомасы |
ПАССИВ |
сомасы |
Материалдық емес активтер |
150 000 |
Жарғылық қор |
800 000 |
Негізгі құралдар |
300 000 |
Бөлінбеген пайда |
200 000 |
Аяқталмаған өндіріс |
900 000 |
Қысқа мерзімді банк қарыздары |
600 000 |
Дайын бұйымдар |
700 000 |
Бюджетпен есеп айырысу |
400 000 |
Материалдар |
200 000 |
Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерз.кредит.берешек |
500 000 |
Ақша қаражаттары |
1 100 000 |
Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек |
850 000 |
БАЛАНС |
3 350 000 |
БАЛАНС |
3 350 000 |
2018 жылғы қаңтар айында орындалған шаруашылық операциялар;
- Жабдықтаушы мердігерлерден 250 000 теңгеге материалдар сатылып алынды.
- Есеп айырысу шотынан 500 000 теңге банк несиесі өтелінді.
- Жабдықтаушы-мердігерлерге қарыз 650 000 теңге банк несиесі арқылы өтелді.
- Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімдік кредиторлық берешек қарызы көбейеді.
«Шикізат және материалдар» активті шоты және «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек» пассивті шоты қолданылады.
Дт 1310 «Шикізат және материалдар» 250 000
Кт 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді кредитордық берешек» 250 000
2.Екінші операция нәтижесінде ұйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк мекемесі алдындағы қарызы азайды.
Дт 3010 «Қысқа мерзімдік банктік қарыздар» 500 000
Кт 1030 «Ақша қаражаттары» 500 000
1. Үшінші операция нәтижесінде ұйымның қорлану көздерінде бір бөлім көбейіп, ал екінші бөлім сол сомаға азайып отыр. Тек қана пассив бөліміне әсерін тигізеді
Дт 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 650 000
Кт 3010 «Қысқа мерзімді банк қарыздары» 650 000
V. Сабақты қорытындылау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Интернет материалдары. Қолжазбаны оқу. В.Л.Назарова «Бухгалтерлік есеп» 41-59 беттер
ҮІІ. Студенттердің белсенділігін бағалау.
Загрузка...