Сабақтың тиімді болуы оның жоспарлауында

Жаңартылған оқу бағдарламасын меңгеру барысында екі апталық курста оқыған тақырыптар, “Тиімді оқыту және оқу”, “Критериалды бағалау жүйесі”, “Оқу бағдарламасын іске асыру және жоспарлау”, “Белсенді оқу әдістері”, “Зерттеу дағдыларын дамыту”, “Физика сабағындағы бағалау үдерісі”, “Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау”, “Сабақтарды жоспарлау”, “Оқу бағдарламасын іске асыруға дайындық” болды.

Осы аталған тақырыптардың ішінде “Сабақты жоспарлау” тақырыбына тоқталып өткенді жөн көрдім. Себебі сабақтың тиімді, дұрыс өтуі оның алдын-ала жоспарлауына, мақсатын дұрыс қоюына тікелей байланысты екендігі анық. Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын әзірлеу барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін ескеруі қажет. Мысалы, физика пәнінен тартылыс заңын 7-сыныпта және 9-сыныпта өтеді төменгі сыныптың оқушысына жоғарғы сыныптың сұрағын қою оқушының алаңдауына керсінше болған жағдайда зерігуіне алып келуі мүмкін.

Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер: Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге жетелей ме? Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін? Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін? Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, мұның барлығын қалай қабылдар едім? және тағы да басқалар.

Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Белсенді сабақ жоспарын жасаудың алғы шарты сабақтың мақсат, міндеттерін анықтаудан басталады сонымен қатар бағалау критерийлерін анықтау, оқу материалының мазмұнын саралау, оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау, оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрін, оқыту үлгілерін анықтау.

Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сонымен қатар, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет.

Нұрғазы Шаймұратұлы ӘЖІБАЕВ, 
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығы филиалының 
физика пәні мұғалімі, 
Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Нысанбек ауылы

 

     

   

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий