“Ата жұрт” зияткерлік сайысы ұйымдастырылды

«Балдәурен»  оқу сауықтыру орталығында балаларды қызықтыру мақсатында  «Атажұрт» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыста 7-8-9 сыныптар  география және тарих пәндері бойынша бақтарын сынады. Дода соңында жеңген топтар орталығымыздың мақтау қағаздарымен марапатталды. Ойынның мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыру; туған жер топырағын, жер мен су аттары және адамның ой-өрісін  кеңейтетін, мақтаныш сезімге бөлейтін ұғым екеніне көз жеткізу; атамекен  тарихы, ең алдымен, өткеннің шежіресі, ата-бабаның өткен ұзақ жылы ретінде құрметтеу сезімдерін оятуға бағытталған.

Міндеттері: оқушылардың білімдерін, ойларын кеңейту; жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту; білімге деген, жауапкершіліктерін арттыру. Құрал-жабдықтарға интерактивті тақта мен слайдтар және микрофон қажет.

Жүргізуші: 
Қуанышпен шаттық силап бас басына,
Осы  жерден табатын достар сірә.
Армысың, тек білімді өрендерім,
Бүгінгі келіп отырған Атажұртқа.
Жүргізуші:
Жиналса әр ауданнан өрендері,
Самал болып еседі өлең лебі.
Тек қана білімділер жиналатын.
Армысың, Балдәуреннің көрермені,
Қайырлы кеш,  қадірменді Балдәурендіктер!

Жүргізуші: «Атажұрт»  зияткерлік ойынына қош келіпсіздер! Жүргізуші: Талап, білім  өнегені дарытқан,
Жылы  шырай  күтеді әркез халықтан.
Жүргізуші: Тілмаш, тапқыр серісіндей жігіттің, 
Көзін тауып кететіндей тірліктің, – деп сахна төріне  топтарымызды шақырып алайық.
1. Алатау
2. Қаратау
3. Сауыр
4. Тарбағатай
Жүргізуші: Әр топ бүгінгі сайысқа дайын болсаңыздар ойын бөлімдерімен таныстырып өтейік.
I бөлім: Өткел
II бөлім: Белес
III бөлім: Самғау
IV бөлім: Шырқау
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызды даралап саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер. Орталығымыздың математика пәнінің мұғалімі Жумашев Бекмұрат Әбусеитұлы; Орталығымыздың қазақ тілі пәнінің мұғалімі Өскенбаева Балнұр Оразбайқызы. 
Бірінші бөлім – «Өткел».
Жүргізуші:
Туған жер айналайын көлдеріңнен,
Бір биік, бір аласа белдеріңнен.
Өзіңнің ақ төсіңде іңгәләумен, 
Мына жарық әлемге келгенмін мен. – деп, бірінші бөлім «Өткел» кезеңін бастаймыз. Өткел бөлімінің шарты:  Алдарыңызда  тақтада он сұрақ беріледі, әр сұраққа 5 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай еншілейсіздер.

Алатау командасы: Бірінші ғасырда Гиркан аталған көл? Каспий.

Картада температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық? Изотерма.

Жағалауын төрт мұхит шаятын материк? Еуразия

Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл? 1991 жыл.

Жетісу қақпасы арқылы  өтетін  жел  қалай  аталады? Сайқан

Жердің су қабығы қалай аталады? Гидросфера

Ертіс өзені қандай алапқа жатады? Солтүстік мұзды мұхиты

Циклон дегеніміз не? Ауа қысымы төмен аймақ

Жердің қара шірігі, құнарлы қабаты қалай аталады? Гумус

Атмосфера қысымын өлшейтін құрал? Барометр

Қаратау командасы:
Қазақстандағы ең лайлы өзенді атаңыз? Сырдария

Картада қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық? Изобара

Ежелгі біртұтас материк? Пангея

Қазақстан қай жылы БҰҰ-на мүше болды? 1992 жылы.

Қазақстанға неше ауа массалары әсер етеді? Үш

Жердің ауа қабығы? Атмосфера

Есіл өзені қандай алапқа жатады? Солтүстік мұзды мұхиты

Антициклон дегеніміз не? Ауа қысымы жоғары аймақ

Италия қай түбекте орналасқан? Апенин

Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал? Гигрометр

Сауыр командасы: Еліміздегі ең ірі су қоймасын атаңыз? Бұқтырма

Жердің кішірейтілген нақты үлгісі? Глобус

Сарыарқа тауының ең биік шыңын ата? Ақ сораң

Сырдария өзені қай алаптың өзені? Арал (ішкі тұйық көлдер алабы)

Картада жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық қалай аталады? Изогиета

Қазақстанда неше табиғат зонасы бар? Төрт

Қазақстандағы ағынды көлді ата? Зайсан

Жер шарының сыртқы қатты тас қабаты? Литосфера

Мұхит тереңдігін өлшейтін құрал? Эхолот

Хромтау деп қай жерді айтамыз? Мұғалжар

Тарбағатай командасы: Қазақстан қандай металдан дүние жүзі бойынша бірінші орынды иеленеді? Вольфрам

Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін жер? Батыс Алтай

Қазақтың тұңғыш географ ғалымы? Шоқан Уәлиханов

Мұғалжар тауының ең биік нүктесі? Үлкен Боқтыбай

Еуразиядағы ежелгі тау? Орал

Жайық өзені қай алаптың өзені? Каспий (ішкі тұйық көлдер алабы)

Желдің жылдамдығын өлшейтін құралды атаңыз? Анемометр

Еліміздегі ең ірі мұздықты атаңыз? Корженевскии (Іле Алатауы)

Қазақстанда қанша облыс бар? Он төрт (14) облыс

Іле өзенінің бойында орналасқан су қоймасын атаңыз? Қапшағай

Бірінші бөлімнің қорытынды ұпайларын әділқазы алқасынан сұрасақ.

Екінші бөлім «Белес»: 
Көріп жүрмін, біліп жүрмін бәрін де,
Келер емес, жалғыз  менің әлім де.
Қорғау үшін болашақта жерімді,
Салармын мен күш жігер мен барымды,  – деп  келесі  «Белес» деп аталатын екінші бөлімді бастаймыз.

«Белес» бөлімінің ережесі: Алдарыңызда Қазақстан картасы көрсетілген сіздерге  ұнаған облысты таңдасаңыздар  тарих  және география  пәндері бойынша  сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады, дұрыс жауап болмаған жағдайда басқа ойыншыларымызға жауап беру мүмкіндігі берілмейді. Солтүстік Қазақстан облысы: Энолит дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстан облысындағы 15 гектар аумақты алып жатқан, қазу барысында 158 тұрғын үй табылған тұрақ? Жауабы: Ботай тұрағы.

Қостанай облысы. Қостанай облысын қиып өтетін өзен? Жауабы: Тобыл. 

Павлодар облысы. Павлодар облысындағы орналасқан бүкіл ТМД елдеріне танымал саябақтың бірі, саябақта жиырмадан астам археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (Әулиетас, құмыра, Драверт тағы да) бар?

Ұлттық саябақты атаңыз? Жауабы: Баянауыл Ұлттық саябағы

Ақмола облысы. Тәуелсіздік алғаннан кейін жасалған, Қазақстанның қазіргі символына айналған бұл сәулеттік ескерткішке 2002 жылы ең таңдаулы жоба және архитектуралық құрылыс ретінде “гран-при” жүлдесіне лайық деп танылды? Жауабы: Бәйтерек

Шығыс Қазақстан облысы: Алтай Күршім мен Азутау жотасы аралығында орналасқан қорық? Жауабы: Марқакөл қорығы

Қарағанды облысы. Қарағанды көмір алабынан көмірдің неше түрі алынады? Жауабы: Тас көмір, Қоңыр көмір, Кокстелетін көмір

Алматы облысы. Алматы қаласы қай жылдары қазақ елінің астанасы болды? Жауабы: 1929-1997 жылдар аралығында.

Жамбыл облысы. Облыстағы осы уақытқа дейін  жеткен әйгілі тарихи ескерткіштерді атаңыз? Жауабы: Айша бибі, Бабаджа қатын мазарлары.

Оңтүстік Қазақстан облысы. Қай жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып өзгертілді? Жауабы: 2018 жыл.

Қызылорда облысы. Облыстағы орналасқан мұнай өндіретін зауытты атаңыз? Жауабы: Құмкөл

Батыс Қазақстан облысы. Орал аумағында орналасқан жазықты ата? Жауабы: Шығыс Еуропа жазығы

Ақтөбе облысы. Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орал тауының Қазақстандағы жалғасын атаңыз? Жауабы: Мұғалжар тауы.

Атырау  облысы. Облыста орналасқан ең алғашқы алынған мұнай кен орнын атаңыз? Жауабы: 1911 жыл Доссор.

Маңғыстау облысы. Ақтаудың оңтүстігінде орналасқан фортты атаңыз? Жауабы: форт – Шевченко. Екінші бөлімнің қорытынды ұпайларын әділқазы алқасынан сұрасақ.

Үшінші бөлім «Самғау». 
Туған ел алқалайды дем береді,
Ауасынан бар сырқат емделеді.
Шарлағанмен  ғаламды шарқ ұрып, 
Туған өлке бәрінен ең керегі, – деп  бүгінгі ойыннан қалыс қалмай  келесі «Самғау» бөлімін бастаймыз.     

«Самғау» бөлімінің ережесі: Алдарыңызда үш профиль берілген, әр профильде 10, 20, 30 ұпайлық сұрақтар берілген. Деңгейіне, ұпайына сәйкес сұрақтар күрделене береді.  Дұрыс жауап болмаған жағдайда «қарсыластар» деген пәрменнен кейін басқа топтарға жауап бкру мүмкіндігі беріледі. Ескерту: ұпайы аз екі топ ойыннан шығарылады

Тәуелсіздік белестері: Қазақстан 2010 жылы төрағалық еткен халықаралық ұйым. Жауабы: Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы.

Мемлекет басшысы жанындағы консультативті – кеңесші орган қалай аталады? Жауабы: Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Қазақстан 2017 жылы «ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесін» жоғары деңгейде өткізе білді. Бұл көрменің негізгі тақырыбы қандай? Қанша мемлекет пен халықаралық ұйымдар қатысты? Жауабы: «Болашақтың энергиясы» 22 ұйым, 115 мемлекет.  

Ғасырлар қойнауынан сыр тартқанда. “Жер жәннаты” саналатын, жеті өзеннің тоғысында түйіскен, Қазақ хандығының іргетасы қаланған ірі аймақ. Жауабы: Жетісу. Халық жадында сақталған аңызда 17 жасар тұтқынға түскен қалмақ қызы тау шыңынан Әулиекөлге секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болды. Әулиекөлдің қәзіргі күнгі атауы? Жауабы: Бурабай көлі. Төлеби ауданы аумағында 100-ден астам археологиялық және тарихи ескерткіштер бар. Тарихи орындарды атаңыз? Жауабы: Ғайып ерен қырық шілтен, Қырық қыз, Көз ата әулие, Жылаған ата.

Тұлғалар: Бейне сұрақтағы тұлғаны ата? Жауабы: Жолбарыс хан. Бейне сұрақтағы тұлғаны ата? Жауабы: Олжас Сүлейменов.

Бейне сұрақтағы тұлғаларды ата? Жауабы: Қайрат Рысқұлбеков; Ләззат Асанова; Ербол Сыпатаев; Сабира Мұхамеджанова. Үшінші бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасынан сұрасақ.

Төртінші бөлім  «Шырқау»:
Туған жерім – жұмағым, кең мекенім,
Ұғынамын – Отансыз шерлі екенін.
Босып жүрген қаймана біреу болсам, 
Осыншама құрметтеп, тербетер кім. – дей отырып «Шырқау»   бөлімін бастаймыз.

Бұл бөлім бойынша берілген мемлекеттердің астаналарын табу. Әр астана айтылғанда 10 ұпай беріліп отырады. Бірінші топқа:

Германия – Берлин
Канада – Оттава
Ауғанстан – Кабул
Украина – Киев
Египет – Каир
Венгрия – Будапешт
Қытай – Пекин
Аргентина – Буэнес – Айрес
Австралия – Канберра
Қырғызстан – Бішкек
Екінші топқа:
Италия – Рим
Америка Құрама Штаттары – Вашингтон
Иран – Тегеран
Белоруссия – Минск
Алжир – Алжир
Польша – Варшава
Жапония – Токио
Перу – Лима
Австрия – Вена
Өзбекстан – Ташкент.  Төртінші бөлімнің қорытынды бағасын әділқазы алқасынан сұрасақ. Іс-шараны қорытындылап, марапаттау жүргізу үшін қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз. Жүргізуші: Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз.

Зәуре Шымырқұлқызы МАЙЛЫБЕКОВА,
Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығы филиалы г
еография пәнінің мұғалімі,
пеагог- сарапшы 
Түркістан облысындағы
Төлеби ауданының Нысанбек ауылы

       

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий