“Балдәурен білгірі” зияткерлік сайысы ұйымдастырылды

Балалықтың базары қайнаған жер,
Достарыңмен күлімдеп ойнаған жер.
«Балдәурен», сен ыстықсың әр балаға,
Шымкентте орнаған, жайнаған жер.
Елбасымыз қабырғасын қалаған,
Бар үздіктер жолды салды сарадан.
Балдәуренде демалу да, оқу да,
Елімдегі балаларға бір арман, – дей отырып, демалушы оқушыларға «Балдәурен» орталықтары  бойынша  толығынан ақпарат алуға, ынталы да талапты болуға, алғырлығын танытуға,  оларды ізденуге, тез ойлауға баулу мақсатындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарының тарихынан сыр шертетін «Балдәурен» білгірі» тақырыбындағы зияткерлік ойынын ұйымдастырдық.

Бұл сайыста «Балдәурен» республикалық оқу – сауықтыру орталығы туралы көптеген мәліметтер ала отырып, өз білімдерін ортаға салды. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде Түркістан облысының Төлеби ауданында, Төлеби бабамыздың жайлауы болып, қоныс тепкен жері Ордақонған тауының етегінде табиғаты кереметтей жерде орын тепкен 2018 жылғы қыркүйек айының 4-інде “Балдәурен – Шымкент” республикалық оқу – сауықтыру орталығы ашылды.

Бас орталық “Балдәурен – Бурабай” (РОСО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырысы бойынша 2000 жылғы қараша айының 7-сінде  құрылған болатын. «Балдәурен» сөзінің мағынасы «балғын шақ», «балғын балалық шақ» дегенді білдіреді. «Балдәурен» әнұранының авторы Төлеген Қажыбай. 2016 жылғы маусым айының 6-ы күні «Балдәуреннің» жер жәннаты Жетісу өлкесіндегі Қапшағай қаласында «Балдәурен – Қапшағай» РОСО-ның қосымша филиалы шаңырақ көтерді.

Былтырғы мамыр айында «Балдәурен» РОСО-ның және бір филиалы Балқаш көлінің жағасында «Балдәурен – Балқаш» атты ертегіге толы ғажайып мекеннің есіктері жас достарымызға айқара ашылды. Қорыта айтқанда, демалушы оқушылар білімдерін ортаға салып, білім сынасып, жақсы ойын нәтижелерін көрсетті. «Балдәурен» орталығының оңтүстік өлкедегі филиалына келуші жастарымыз басқа да танымдық әрі қызықты логикалық сұрақтарға жауап алып, алғырлық танытқан оқушыларды түрлі сыйлықтармен марапаттадық.

Азиза Мырзакелдіқызы АБПАЗОВА,
“Балдәурен” республикалық оқу сауықтыру
орталығы филиалындағы ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі, Түркістан
облысы, Төлеби ауданы,Нысанбек ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий