Математика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Бүкіл дүниежүзілік беталыстан шеттеп қалмау мақсатында біз ақпараттық технологияны тікелей оқу үрдістерінде қолдану мүмкіндіктерін толықтай пайдаланудамыз. Қоғамдағы ақпараттандыру процесстерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» аталатын барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауында үшінші мыңжылдықтағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, денсаулығы мықты азаматтар болуы қажетілігін айрықша атап айтқаны есте.

Жаңашыл инновацияның бірі ақпараттық технологияны меңгеру интернет, мультимедиялар, электрондық оқулықтар сияқты интерактивті оқыту әдістерінің оқу үрдісіне қосқан жаңалықтары есебінен оқытушылар «тақтаның алдында тұрып түсіндіру» міндеттерінен құтылды. Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың қажеттілігі білімгерлердің өз бетімен жұмысына; уақытын үнемдеуге; білім мен білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруге; қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауына; қажетті ақпаратты жедел алу мүмкіндігіне; экономикалық тиімділігіне үлес қостындығымен маңызды. Әрі білімгердің ой-өрісін дамытумен бірге  дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор. 

Мен өзімнің шығармашылық жұмысымды «Математика сабағындағы білімгерлердің өз беттерінше есептер шығару машықтарын дамыту» тақырыбында біраз жылдан бері ізденістік тұрғыдан жалғастырып келемін. Бұл бағытта алдыма қойған мақсатым: білімгерлердің өз беттерінше есептерді шығара білуін, логикалық ойлау жүйесін дамытуын және шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бейімделуін қалыптастыру, үйрету.

«Жаратылыстану-математикалық білім беру» құзыреттілік тәсілінің теориялық құрылымы: өз білімін үнемі жетілдіру; озық  және ақпараттық технологиялар. Білім болашақ бағдары, кез келген маман даярлайтын оқу орындарының басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – білім алушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзіреттілік – білім алушының әрекет тәсілдерінің жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.

Сабақтарда тиімді технологияларды пайдаланып,әртүрлі әдіс-тәсілдерді үздіксіз қолданған жөн. Шәкіртімізді шыңдау, қабілетті, дарынды тұлғаны дайындау біздің алдағы жауапкершілікті міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сондықтан тынбай, жалықпай, үнемі шығармашылықпен іздене жүріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосайық.

Меруерт Асылбекқызы САУҚАНОВА, 
Жаңатас көпсалалы колледжінің математика
пәні оқытушысы, Жамбыл облысы 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий