IQ немесе зияткерлік өлшемі және интеллектуал адамның біз білмейтін бес белгісі

Әдетте, жоғары білім алған немесе шартты түрде аристократтық отбасыдан шыққан адамды зиятты деп айтып жатады. Бірақ ғалымдар бұл факторлар адамды автоматты түрде жоғары IQ иесі етпейтінін айтады. Ендеше, ғылым бойынша, жоғары зияткерліктің қандай белгілері болуы мүмкін, – деп жазады “massaget.kz” сайты.

Музыканы жақсы есту қабілеті. Музыкалық білімі жоғары адамдардың «музыканы жақсы естисің» немесе «музыканы естімейсің» деп айтқанын жиі кездестіруге болады. Бала кезінен музыканы жақсы есту мен адамның тағы бір немесе бірнеше тілді үйреніп алу қабілетінің арасында байланыс бар екені бұрын дәлелденіп қойған. Ал британ ғалымдары болса, зерттеу барысында баланың кішкентай кезінен музыканы жақсы естуі жоғары IQ көрсеткіші болуы мүмкін екенін анықтаған.

Адам көп ортаны жақсы көрмеу. Британ ғалымдары зерттеу барысында жоғары интеллектуал адамдар өздері жалғыз болғанды немесе тек бір-екі досының жанында болғанды жақсы көретінін байқаған. Ал үнемі көп адамдармен сөйлесу немесе үлкен отбасылық дастарханға жиналу оларды қызықтырмайды және шаршатады екен. Сондай-ақ IQ жоғары адамдар өз-өздерімен дыбыстап сөйлесе бере алады.

Телефонмен сөйлескенді жақсы көрмеу. Жиырма бірінші ғасырда интеллектуал адамдар мессенджерлер арқылы сөйлескенді жөн көріп, ұзақ телефонмен әңгімелесуді жек көреді. Жоғары интеллектуал адам біреуге телефон шалу арқылы оның жеке кеңістігін бұзып, маңызды ісінен алаңдатамын деп ойлайды. Ал мессенджермен жазса, сөйлесуші уақыты бар кезде жауап бере алады деп ойлайды. Сондықтан олар, әдетте, өте шұғыл шаруамен ғана телефон соғады.

Ерте жасынан жылдам оқу қабілетінің болуы. IQ өте жоғары адамдардың көпшілігі төрт жасының өзінде оқи білген. Бірақ ең қызығы олардың көбі қалай оқып үйренгенін белмейді.

Қайталанатын дыбыстарды жақтырмау. Неміс ғалымдарының жақында жүргізген зерттеуі бойынша, жоғары зияткерлік пен қайталанатын дыбыстарға ашуланудың арасында байланыс бар. Мұндай дыбыстарға тамақты жұту, тықылдату, жөтел, еден сықыры, ауру адамның шулы тынысы, қаптамалардың қытыры және тағы да басқалар жатады. Хельсинкс университетінің ғалымдары өздерінің зерттеуінен адамның стандартты емес есептерге ерекше шешім таба алу қабілеті мен басқа қоздырғыш дыбыстар мен шуларды «сөндіре» алмауының арасынан байланыс байқаған. Бұл құбылысты медицинада мизофония деп атайды. Мысалы, мизофониясы бар жоғары интеллектуал адамның қасында отырып, қытырлақ тамақ жеп отсаңыз, ол ашуланып, өзінің істеп отқан жұмысын жалғастыра алмайды.

 

Ақылды адамдар туралы сөз қозғаған сәтте міндетті түрде олардың «IQ» (ай кью) белгісі нешеге сәйкес келетіні туралы да ақпарат қосуды жөн санаймыз. IQ (Intelligence quotient) сөзі зияткерлік коэффициенті деген мағынаны білдіреді. Яғни, сіздің ойлау жүйеңізді есептейтін өлшем бірлігі. Оны анықтау үшін арнайы мамандандырылған тест жұмыстары жүргізіледі. IQ ұғымы қалай пайда болды?

«Зияткерлік коэффициенті» алғаш рет 1912 жылы неміс психологы әрі философы Вильгельм Штерннің арқасында дүниеге келді. Арада төрт жыл өткен соң, бұл әдісті Стэнфорд-Бен зияткерлік өлшемі бойынша қолданып көрді. Оған деген сұраныс халық арасында күрт артқан соң, бұл тест қолданысқа енгізілді. IQ  тексеруге арналған арнайы тесттер Тесттердің барлығы орташа көрсеткіш 100-ге тең болатындай етіп құрастырылған.

Адамдардың 50%-ы 90 мен 110 арасындағы балдық көрсеткішке ие болса, 50%-ы не 90-нан немесе 110 жоғары көрсеткішке ие болады. Егер, 70 балдан төмен көрсетсе, оның ақыл-есі кем деген тұжырымға келген. IQ тесттердің барлығы – қиындық деңгейі жөнінен түрлі топқа бөлінген, бірнеше сатылы. Есеп пен жазу, ойлау мен сараптау жұмыстары деген қабілетін анықтауға арналған тесттерді қайта жасау адамның ойлау көкжиегін арттыра түседі.

IQ әсер етуші факторлар қандай? Тұқымқуалаушылық – адамның зияткер болуы оның қанындағы генмен тікелей байланысты. Сонымен қатар, адамның ойлау жүйесінің дамуына бір ғана ген әсер етіп қоймайды, 17 мыңға жуық генді қамтитын генотип әсер етеді. Егер арғы тегіңізде тектіліктің белгісі болса, сіздің көрсеткішіңіз төмен болмасы анық.

Қоршаған орта. Басқаларға қарағанда адамның санасының дамуы оның қоршаған ортасына тікелей байланысты. Әсіресе жаңа жетіліп келе жатқан баланың ойына тигізер әсері зор. Дегенмен гендік факторды да естен шығармаған жөн. Бір ата-анадан туған екі баланың ақыл көрсеткіші әртүрлі болады. IQ дамытуға бола ма? Әрине, өмірде ешнәрсе бір орында тұрмайды. Сол себептен түрлі жаттығулар, есептер тіпті ұйқыңыздың өзі сіздің IQ көрсеткішіңіздің жоғары болуына септігін тигізеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий