Lesson Study зерттеу сабағын тиімді жоспарлау және өткізу

Ермурзаев Сабит Набиханұлы
География пәні мұғалімі
Шымкент қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектік бәріде ақымақшылық» – деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтып кеткендей білім, ғылым арқылы ұлы жетістіктерге, адам болып қалуға жетелейтіні анық. Қазіргі еліміздің білім бағдарламасындағы жасалынып жатқан реформалар-сапалы, бәсекеге қабілетті, заман ағысына ілесе алатын, білімді жастарды қалыптастыру. Осы жолда біздің ұстаздарымыздың атқаратын істерінің көп екендігі анық. «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек» – деп ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханов айтқандай сол ұлттың мықты болып қалыптасуына, жастардың ояу, білім-ғылым жолында талмай еңбек етуге жетелейтін қазіргі ұстаздардың талмай еңбек ету арқасынада болмақ. Сондықтан да алдымызда отырған әрбір шәкірттің білімі, мінезіне жіті мән беріп, артта қалып бара жатқан шәкірттерді қолдау көрсету арқылы жетелеп, көз ілестірмес жылдамдықпен дамып келе жатқан заман ағымына қоса білуіміз керек.

Осы мақсатта-мұғалім тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеудің ерекеше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл-Lesson Study зерттеу сабағын жүргіздік. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге, оқушыларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге мүмкіндік туғзады.

 Зерттеу сабағын жүргізу үшін Lesson Study зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы зерттеу тәсілін арнайы курста оқыған мұғалімдер, психолог маманы және сынып кураторы болды. Зерттеу тобындағы 3 мұғалім де география пәні мұғалімі. Зерттейтін топпен алдымызда кездескен осы уақытқа дейінгі проблемаларды анықтадық. География сабағында графикалық, статистикалық деректерді талдауда қиындық барын анықтадық.

Зерттеу нысаны ретінде 9 А сыныбын таңдап алдық. Зерттеуге қатысатын мұғалімдермен, психолог маманы және сынып кураторымен бірлесе бақылауға алынатын оқушыларды анықтадық. А оқушысы-сабақта белсенді, үлгерімі жақсы, бірақта қасындағы басқа оқушыларға көмек қолын соза бермейді. В оқушы сабақта үлгерімі орташа, карта, суреттерді талдау дағдысы толық қалыптаспаған, мұғалімнің көмегімен орындай алады. С оқушы сабақта белсенділігі, ынта-жігері төмен, географиялық деректер: карта, суреттерді талдау дағдысы қалыптаса қоймаған. Психолог маманның көмегі арқылы оқушыларың қабылдау дағдысын анықтап алдық.

Сабақты жоспарлау үшін зерттеудегі мұғалімдермен басқостық. Мақсатымызға жету үшін қандай әдіс-тәсіл қолданған дұрыс, бағалау жүйесін қалай жүзеге асырған тиімді тұстарын анықтап, оқушылардың бақылау парағын әзірледік. Топ мүшелерінің әрқайсысы сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетінін нақты жазып отыру қажет екендігін айқындадық.

Жоспардың негізінде сабақ өтілді, топтағы мұғалімдер бақылау жүргізді. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардан сұқбат алынды. Оқушыларға: Саған сабақта бәрінен де не ұнады? Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б. сұрақтарға жауап алынды. №1 зерттеу сабағына топтағы мұғалімдермен бірлесе отырып сәтті шыққан тұстарын және сабақ барысында кеткен кемшіліктер айтылды. №2 зерттеу сабағын жоспарлау барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып сабақ жоспарын құрдық. Ары қарай №2 сабақ өтілген соң, №3 зерттеу сабағын осы қадамдар бойынша жоспарладық. Енді сабақ жоспар бойынша қалай жүргендігіне кеңірек тоқталып өтсек.

№1 сабақ тақырыбы: Су ресурстарының маңызы. «Миға шабуыл» әдісі арқылы «Су ресурстарын қалай пайдалануға болады» деген сұрақты жұпта талқылады. А оқушысы қасындағы жұбымен талдау арқылы бірінші қол көтеріп: тұрмыста, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте қолдануға болады деп жақсы жауап берді. 1 тапсырма картамен жұмыс болды. В оқушы картадан қай елдерде суды көп тұтынатынын дұрыс тапқаны мен бірақта не себептен тұтыну деңгейі әр түрлі екенін анықтай алмады. С оқушы қасындағы жұбының көмегімен зорға анықтап, қалған сұраққа дұрыс жауап бере алмады. Келесі сабақты жоспарлағанда карталарды талдауға бергенде қасына қосымша мәтін беру керек деп шештік.

№2 сабақ тақырыбы: Су ресурстарының ластану көздері және оны шешу жолдары. Оқушыларға дүниежүзінің су көздерінің ластану картасы және мәтінді қатар бердік. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бірге орындау қажет еді. Өйткені А оқушының бойында қасындағы сыныптастарына көмек беруді, бір-біріне бауырмалдықты, мейірімділік қасиеттерін бойына сіңіру еді. А оқушы барлық уақытта белсенді тапсырманы орындады, бірақ қасындағы өзінен білім деңгейі төмендеу оқушы картаны талдауда ескермей кеткен тұсы, суды ластаушы көздердің бірі радиактивті қалдықтардың жоғары екендегін дәлелдей алуы. В оқушы бұл жолы картадағы шартты белгілерді қолдану арқылы және мәтінді тиімді пайдаланудың арқасында өз күшімен тапсырманы орындай алды. С оқушы мұғалімнің көмегін қажет етті. Мұғалім оған картадағы шартты белгілерге басты назар аударудың қажет екендігін, қосымша мәтіндегі ақпараттарды пайдалана отырып ластану көзін анықтаса, тез әрі дұрыс тапсырманы орындай алатындығын ескерті. Соның арқасында С оқушы бояу болса да тапсырманы дұрыс орындай алды.

№3 сабақта алдын ала әріптестермен жоспарлау жүргізілді. Топтағы мұғалімдер топтық жұмыс істету арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасау алуларын дамыту. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өз араларында өздеріне түсінікті тілмен ақпартты дұрыс жеткізе алады деді. Сабақ тақырыбы: Су апаттарын анықтау және алдын алу шаралары. Тапсырма ғаламторды қолданып, берілген су тасқыны, сел, қар көшкіні, цунами апат түрлері бойынша постер жасау. Топтарға бөлініп, өзара рольдер таңдап алынды. А оқушы көшбасшы боламын деп өзі таңдап алды. Ол әр оқушы жасайтын міндетті бөліп беріп, жұмысты бақылап, уақытылы бітіруге, топтың әрбір мүшесінің өзінің жұмысын дұрыс атқаруды ұйымдастырып отырды. В оқушы постерді безендіруге басты мән берді. Сурет өнеріне икемі бар екенін осы кезде біз байқадық. Берілген ақпаратты постерге түсіріп отырды. С оқушы зерттеу тобындағы мұғалімдерді таңғалдырды. Спикер рольін алған, топтағы айтылған ақпаратты жіті сараптап отырып, бар мүмкіндігін салып қорғап шықты. Жалпы үш сабаққа қарай отырып біз зерттеуші мұғалімдер өзімізге мынандай ой түйдік, барлық уақытта бір әдісті пайдалана беру оқушылардың дағдыларының дамуын баяулататынын білдік. Оқудағы әдіс-тәсілдірді жиі сыныптың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып өзгерту қажет. Бұл зерттеуді осымен шектемей, келесі циклын ұйымдастыруды келістік.

Осы Lesson Study зерттеу сабағы арқылы тәжірибелі мұғалімдермен қатар еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектесті. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасады. Зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әр біреуін анағұрлым жақсы тану арқылы, оқушының қажеттіліктерін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Ермурзаев Сабит Набиханұлы
География пәні мұғалімі
Шымкент қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий