Төтенше жағдайда жасөспірімдер көңіл күйінің құбылуына тигізетін теріс әсерді төмендетудің тәсілдері

БҰҰ бүкіләлемдік дағдарыс жағдайында дүниежүзіндегі балаларды қорғау бойынша шұғыл іс-әрекеттер жасауға шақырады. Қазақстанда дағдарыс білім беру, қауіпсіздік және денсаулық сияқты негізгі салалардағы балалардың игілігіне қауіп төндіреді. Қазақстан коронавирустың өршуін басу үшін көптеген әрекеттерді іске асырып жатыр. Қазақстан Үкіметі отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және аналар мен нәрестелерге күтім жасау сияқты көрсетілетін қызметтердің үздіксіз басымшылықтарын орнату арқылы балаларға жанама әсерлерді азайту үшін шаралар қабылдауда. 

Жалпы бүгінгі таңда 190-ға жуық елдегі мектептердің жабылуы 1,5 миллиард бала мен жастарға теріс әсерін тигізді. Әлемдегі барлық балалардың 60% толық немесе ішінара оқшаулау енгізілген елдерде тұрады. Қазақстанда 4,5 миллионнан артық бала қашықтықтан білім алып, 300 000 баланың электрондық білім алу үшін техникалық құралдары жоқ болса, шамамен 3000 кішігірім ауылдық көп салалы мектеп топтық білім беруді қамтамасыз етуде.  Алайда, ауылдық жерлерде интернет желісінің нашар жұмыс жасауы балаға да, ата-анаға да кері әсерін тигізуде.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұстаздары еліміздегі жағдайға қарамастан, желілерде, инстаграмм сайттарында барынша видео, онлайн сабақтарын өтуде. Сонымен қатар, орталық мұғалімдері ішінара  ZOOM, GO TO MEETING, WEBINAR қосымшалары арқылы өзара әдіс алмасуда.

Жасөспірімдік шақ – адам өміріндегі күрделі кезең, ал коронавирус жұқпасы оны одан бетер күрделі етеді. Мектептердің жабылуына және іс-шаралардың өткізілмеуіне байланысты жасөспірімдер өмірлерінің балғын шағындағы көптеген маңызды оқиғалардан, соның ішінде, күнделікті достарымен көрісуден және мектепке барудан бас тартуға мәжбүр. Таралып бара жатқан сырқаттың кесірінен өмірлерінің үйреншікті барысы өзгеріп жатқан, әрі үрейге, түңілуге және оқшаулық сезіміне бой алдырған жасөспірімдер есте сақтағаны жөн: олар жалғыз емес. Осыған байланысты дүние жүзінде психологтар жұмыс жасауда. Соның ішінде ең маңызды деп мына төменде аталғандарды маңызды деуге болады.

Алаңдау – толығымен қалыпты реакция екенін мойындаңыздар. Егер сіздерді мектептердің жабылуы және үрей ұялататын жаңалықтар алаңдатса, біле жүріңіздер, сіздер жалғыз емессіздер. Шындығында дәл осындай эмоцияларды бастан кешіру қажет. Алаңдау сіздерге  нақты бір дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі, мысалы, «басқа адамдармен немесе үлкен топтарда уақыт өткізбеу, қол жуу және бетті қолмен ұстамау». Осындай сезімдер өздеріңізді ғана емес, өзгелерді де қорғауға көмектеседі. «Біз осылайша қоғамның басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетеміз. Бізді қоршаған адамдарды да естен шығармаймыз».

Көңілді басқаға аудару әдістері. Мәселені шешуге көмектесе алатын әдіс бар – көңілді басқаға бұру әдісі. Қазіргі таңда күнделікті өмірде сабырға келу және тепе-теңдікке жету үшін келесі тәсілдерді жасау қажет, яғни  үй шаруасымен айналысу, сүйікті фильмді көру, кітап оқу, бауырларыңмен, отбасымен сырласу.

Достармен байланыста болудың жаңа жолдарын табу. Егер әлеуметтік алшақтық әдісін қолдана отырып, достарыңызбен бірге уақыт өткізгілеріңіз келсе, әлеуметтік желілер – керемет байланыс тәсілі. Шығармашылық қабілеттеріңізді паш етіңіздер: мысалы,  Tik-Tok ойынына қатысыңыздар. Сонымен қатар, олар бір-бірімен ғаламторда отырып, жаңа тәсілдерді табуы мүмкін. Бірақ, үнемі монитор алдында немесе әлеуметтік желілерде отыра беру – жақсы шешім емес. Бұл денсаулыққа зиян. Сондықтан арнайы күнделікті кесте жасау қажет.

Сүйікті ісіңмен айналысу. Әрбір адамның сүйікті ісі болатыны ол сөзсіз. Әсіресе балаңызға баса назар аударып, сүйікті ісімен айналысуға септігіңізді тигізіңіз. Мысалы, сурет салу, тоқыма тоқу, тігін тігу, спорттық жаттығулар, тіл үйрену және тағы да басқа мүмкіндіктер.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш былай дейді, «Бақытымызға орай, бүгінгі күнге дейін балалар аурудың ең ауыр белгілеріне ұшырамаған. Алайда олардың өмірлері толықтай өзгерді. Мен отбасылар мен барлық деңгейлердегі жетекшілерге балаларымызды қорғау үшін әрекет етуге үндеу саламын»!

Жалпы қорытындылай келе, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айрықша атап айтқандай: «Татулық пен тұтастықтың арқасында кез-келген қиындықтан шығуға болады, бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді. Біз біргеміз»!

Ләззат ӘКІМҚЫЗЫ,
“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы,

Түркістан облысы бойынша Білім кешенінің директоры

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий