Қазақстанда жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері 241 мұғалім вирус жұқтырды

Елімізде жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері 241 мұғалім індетке шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова екінші тоқсанның басталуына орай ұымдастырылған брифинг барысында мәлімдеді.

 

– Оқу жылы басталған уақыттан бері республика бойынша мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді, – деді Айжан Есмағамбетова брифингте. 

Оның айтуынша, биыл 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сыныптарда 302 бала коронавирус жұқтырған. Бір оқушы вирустық пневмонияға шалдықты. 

 

 




Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий