Кейбір мұғалімдерге қосымша ақы төленуі мүмкін

Мәжіліс депутаттары сабақтан тыс спорт сабағын жүргізетін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуді ұсынды. Тиісті заң жобасы төменгі палатаның жалпы отырысында екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу кезінде депутаттар бірқатар түзету енгізген.

– Сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін мұғалімге қосымша ақы белгілеуді көздейтін, сондай-ақ жекелеген нормаларды нақтылайтын және заң жобасының мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізілді, – деді экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев.

Сондай-ақ, заң жобасында зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жас шектеулерін төмендету нормасы көзделген.

Бұдан бөлек, бизнес-әріптестер тізілімінде қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректерін қорғау; зейнетақы төлемі есебінен медициналық көмек алуды оңайлату үшін жеке тұлғаларды жіберу бойынша комиссияны алып тастау; зейнетақы төлемін үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғауды қамтамасыз ету сияқты түзетулер енгізілген. 

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий