ҚР БҒМ: «BALA QORǴAÝ» телеграмм-чатына 11 айда 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті

ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті  осы жылдың 11 айында «BALA QORǴAÝ» телеграмм-чаты арқылы келіп түскен 2 мыңнан астам өтінішті қарады. Бұл туралы брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды bilimdinews.kz

2019 жылдан бастап Telegram мессенджерінде кәмелеттік жасқа толмағандарға көрсетілген зорық-зомбылық пен қатігездік, балалар құқығын бұзу оқиғаларын жедел анықтау мақсатында «BALA QORǴAÝ» чат-каналы жұмыс істеп келеді.

– Әрбір оқиға барлық жәйт анықталғанша және жағдай толық шешілгенше бақылауымызда тұрады. Қазақстандықтар осы чаттың көмегімен өздеріне қандай көмек қажет екенін сұрап, мамандардан балалар құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес ала алады, – деді Бибігүл Асылова.

Тәулік бойы ҚР БҒМ мамандарының, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша өңірлік департаменттердіңбасшыларының, облысық білім басқармасы мен қалалық және аудандық білім беру бөлімдері басшыларының, психологтар мен әлеуметтік педагогтердің бірлескен күшімен өмірдің қиындығына тап болған отбасылар мен балалардың өтінімдері қаралады.

Чатқа қосылу үшін Telegram қосымшасы браузерінде «bala_qorgau» сөзін  теру немесе https://t.me/bala_qorgau сілтемесі бойынша өту қажет.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий