БҒМ балалар суицидінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізіп келеді – Асылова
Білім және ғылым министрлігі полициямен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, балалар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп келеді. Соның ішінде балаларды суицидке итермелейтін шетелдік интернет-сайттарға мониторинг жүргізу және бұғаттау жұмыстары қолға алынған. Бұл туралы БҒМ онлайн-брифингі барысында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды bilimdinews.kz.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі күнге дейін мазмұны заңға қайшы келетін 1454 шетелдік интернет-ресурс анықталған. Олар туралы ақпарат бұғаттау мақсатында уәкілетті органға жіберілді. Бұған қоса, БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де мониторинг жүргізіледі. Себебі, оларда да деструктивтік мазмұндағы ақпараттар таратылуы мүмкін.
– Суицидке қатысты әрбір факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Оның барысында өзін-өзі өлтіруге дейін итермелейтін құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық құрамның бар болуы және оның себептері анықталады, – деді Б. Асылова.
Оның айтуынша, 2019 жылы 2809 материалға қатысты қолжетімділік шектелген. Олардың басым көпшілігінің мазмұны балалар құқығын бұзумен байланысты болған.
Загрузка...