Челябі қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

Челябі қаласында қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды, – деп жазады Egemen.kz

«Отандастар қоры» КеАҚ сынып ашу үшін қажетті интерактивті құрылғылар топтамасын «Азамат» қазақ қоғамдық ұйымына табыстады. Бұл туралы ұйымның төрағасы Қанат Сейтіков өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Бүгінде қазақ тілі сабақтарының ІІ семестрі өтуде. Онлайн сабақтарға қатысу үшін «OQ-BILIM» (https://t.me/otandastar_qory) телеграм парақшасына тіркеліп, Microsoft Teams платформасын орнату қажет. Сабақтар аптасына 3 рет, күніне 4 мәрте өтеді.

Жоба еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.





Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий