Ротавирустық инфекцияның алдын алу шаралары

Ротавирустық инфекция – бұл ротавирустар тудыратын жіті ішек инфекциясы. Ротавирустық инфекциямен кішкентай балалар жиі ауырады.

Үстіміздегі жылдың 2 айында 281 ротавирустық инфекция  тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 1,4 (2023 жылы – 361жағд., 100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 1,82).  14 жасқа дейінгі балалар арасында  96% (269) ауру жағдайы тіркелді. 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ротавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 23% -ға төмендегені байқалады.

2023 жылы республикада ротавирустардан туындаған жіті ішек инфекцияларының 1201 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 5,98, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1162 жағдай тіркелді (96,7%), 100 мың балаға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 20,47.  2022 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 33% -ға төмендегені байқалады (2022 жылы – 1744 жағдай, 100 мың адамға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 8,98, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелгені – 1 720 жағдай).

Ротавирустық инфекциямен сырқаттанушылық жылдың суық мезгілінде маусымдық өсуімен сипатталады. Жылы мезгілде (маусым-тамыз 146 жағд.) сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Сырқаттанушылықтың өршуі ақпан айында байқалады – 16,3% (196 жағд.). Инфекция көзі – клиникалық белгілері айқын немесе жасырын түрі бар науқас адам (вирус тасымалдаушы).

«Вирус ағзаға ластанған заттардан және кір қолдан енеді. Ауру ауа- тамшы арқылы (науқаспен қарым-қатынаста болған кезде) және алиментарлы (нашар жуылған өнімдер мен ластанған суды тамаққа пайдаланған кезде) жолмен де таралады. Ротавирустың алдын алудағы негізгі шара — жеке гигиена қағидаларын сақтау — қолды уақтылы жуу, мұқият жуылған және дұрыс өңделген тағамдарды ғана тамаққа пайдалану, ішу үшін тек сүзгіден өткен қайнаған суды пайдалану.

Тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын суды тазартуға немесе хлорлауға тиіс. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ротавирустардың алдын алудың маңызы зор, ол мынадай шараларды қамтиды: балалар мен персонал арасында гигиеналық білім беруді арттыру, оның ішінде қолды үнемі жуу және антисептиктерді пайдалану арқылы гигиеналық білім беруді арттыру, денсаулыққа және санитарлық нормалардың сақталуына санитариялық-эпидемиологиялық және профилактикалық бақылауды күшейту, инфекцияны анықтау кезінде оның таралуының алдын алу үшін карантиндік шараларды енгізу, үй-жайларды, ойыншықтарды және оқу материалдарын үнемі дезинфекциялау, балалардың иммунитетін нығайту үшін теңдестірілген тамақтануды ұйымдастыру», – деп атап өтті ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «СЭСжМҒПО» филиалының эпидемиолог дәрігері Газезова Сая Болатқызы.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий