Құрметті «Білімді ел – Образованная страна» газетінің редакциясы!

Сіздерді газеттің 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде сіздер, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына қарамастан, баспасөздің ақпараттық кеңістіктің ажырамас бөлігі болып қала беретінін және педагогикалық қауымдастықпен маңызды байланыс құралы екенін дәлелдедіңіздер.

Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» деген сөздері қазіргі таңда да өз маңызын жойған жоқ. «Білімді ел – Образованная страна» газеті білім беру саласы туралы объективті ақпарат көзі болумен қатар, өзекті мәселелерді талқылайтын, шешімдер іздейтін және мұғалімдер, ғалымдар мен білім беру саласына үлес қосып жүрген азаматтар тәжірибе алмасатын алаңға айналды. Сіздердің әр сөзге деген жауапкершіліктеріңіз бен білім беру ісінің маңызын терең түсінулеріңіз жұмыстарыңыздың ерекшелігін айқындайды.

Газеттеріңіздің тек цифрлық дәуірдің талаптарына бейімделіп қана қоймай, түрлі медиа ресурстарды қолдана отырып, белсенді түрде дамып келе жатқаны айрықша атап өту қажет. Бұл баспа басылымдарының уақыт талабымен бірге қадам басып, өзектілігін сақтай алатынын көрсетеді.

Редакция ұжымына алдағы уақытта да табыс, сарқылмас күш-қуат пен шығармашылық шабыт тілеймін. Сіздердің газеттеріңіз еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдерді біріктіріп, Қазақстандағы сапалы білім берудің дамуына үлес қоса беретініне сенімдімін.

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Саясат Нұрбек

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий