Құрметті «Білімді ел» республикалық газетінің ұжымы!
Сіздерді басылымның 10-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Осы уақыт ішінде сіздердің газеттеріңіз білім беру саласының дамуына зор үлес қосып, ұстаздар, ғалымдар, оқушылар мен студенттер және білімге қызығушылық танытатын барлық қауым үшін сенімді ақпарат көзіне айналды. Сіздер маңызды оқиғаларды жариялап, үздік тәжірибелер мен өзекті жаңалықтарды бөлісіп келесіздер.
Редакция ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шабыт және кәсіби шеберлік тілеймін! Газеттеріңіз оқырмандарды сапалы материалдармен қуантып, білім мен ағартушылық жолында сенімді серіктес болып қала берсін! Жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Құрметпен, «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов
Загрузка...