ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады – Министр просвещения РК Гани Бейсембаев поздравил казахстанских педагогов с профессиональным праздником
Құрметті Ұстаздар! Қадірлі әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекеміз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз — мамандық иесі ғана емес, ол өскелең ұрпақтың рухани бағбаны, болашақтың негізін қалаушы ұлт келбеті. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұстазды құрметпен төрге шығарған.
«Ұстаз — ұлық емес, ұлы қызмет» деп батыр Бауыржан Момышұлы бағалағандай, мемлекеттің ертеңгі тағдырына жауапты ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға артылған аманаттың жүгі салмақты. Себебі, әрбір шәкірттің жүрегіне білімнің шамшырағын жағатын — Ұстаз.
Бүгінде оқу-ағарту жүйесінде 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында педагог мамандығының беделін арттыру бойынша орасан зор шаралар жүзеге асырылды. Оның алғашқысы да, маңыздысы — мұғалім қауымы көптен күткен «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылданғанына да биыл 5 жыл. Осы уақыт аралығында мұғалімдердің айлығы екі есеге көтерілді, олар қағазбастылықтан, артық жүктемеден, өз міндетіне жатпайтын жұмыстан босатылды, жаңа ынталандырулар белгіленіп, мүмкіндіктерге жол ашылды. Балабақша тәрбиешілері мен колледждерге өндірістен тартылған оқытушылардың жалақысы артуда. Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымының, материалдық-техникалық базасының жоғарғы талаптарға сәйкес жақсаруы мен жабдықталуына бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мемлекет тарапынан білім саласына соңғы жылдарда көрсетілген қамқорлықтың айқын мысалы бола алады. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де күшейтіліп, жалғасуда.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім — мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған. Мектептің, баланың болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті Ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз — еліміздің жарқын әрі бақытты болашағының негізі. Біз халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына құрметпен қарап, қадірлейтін саналы ұрпақ қалыптастыруға бар жан-тәнімізді саламыз. Себебі, біз әрісі — Әл-Фараби, Абай, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы секілді көрнекті ойшылдардың, берісі — К.Нұрғалиев, К.Айтқалиев, К.Бітібаева, Р.Нұртазина, М.Тасова секілді елдің құрметіне бөленген қайраткерлердің, Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шүкіжанова іспетті Еңбек ерлерінің жолын лайықты жалғастыруымыз керек.
Құрметті ұстаздар! Құрметті әріптестер! Сіздерді төл мерекемізбен құттықтаймын! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда оқушыларымыз түрлі халықаралық білім додаларында көк байрағымызды жеңіс тұғырынан желбіретіп келеді. Еліміздің өскелең ұрпағының зияткерлік әлеуетіне күллі әлем жоғары баға берді. Тек осы жылдың өзінде біздің оқушыларымыз 58 алтын медаль жеңіп алып, робототехникадан әлемнің үш дүркін, химиядан екі дүркін чемпионы атанды. Сіздердің дендеріңізге саулық, сарқылмас қуат, қызметте табысты болып, абырой биігінен көрінулеріңізді тілеймін!
Дорогие Учителя! Уважаемые коллеги!
От всего сердца поздравляю вас с профессиональным праздником — Днем Учителя!
Учитель — это не просто профессия, это призвание, которое наполнено глубоким духовным содержанием, просветительской миссией. Во все времена просветителями считались выдающиеся личности, которые ведут общество к прогрессу. Этот термин с точностью выражает истинную суть великого труда педагога. Потому что современный мир строится на знаниях, а свет знаний несете именно вы — Учителя.
Сегодня в системе просвещения трудятся около 600 тысяч педагогов. Благодаря поддержке Главы государства приняты колоссальные меры по повышению престижа педагогической профессии. В этом году Закон РК «О статусе педагога» отмечает свое пятилетие. За это время заработная плата педагогов увеличилась в два раза, созданы условия для того, чтобы педагоги посвящали себя призванию, и были избавлены от несвойственных функций и излишней отчетности, сокращена учебная нагрузка, установлены новые стимулы и возможности. Растет зарплата педагогов детских садов и педагогов привлеченных с производства в колледжи. Национальный проект «Комфортная школа», направленный на улучшение инфраструктуры, учебно-материального оснащения организаций образования в соответствии с самыми высокими требованиями, является ярким свидетельством заботы, оказываемой государством в последние годы сфере образования. Работа в данном направлении будет продолжена и усилена.
Уважаемые коллеги! Мы живем в эпоху стремительных перемен и глобальных вызовов, когда приоритетом государственной политики являются патриотизм, справедливость и трудолюбие. Эти принципы могут служить основой для формирования устойчивого общества. Как говорил великий педагог Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім — мектептің жүрегі».
Ваш труд — это основа светлого и счастливого будущего для всех нас. Мы приложим все усилия для формирования сознательного поколения, которое чтит наши традиции и наши ценности. Мы должны быть достойным продолжением наших выдающихся просветителей, таких как Аль-Фараби, Абай, Ы. Алтынсарин, А. Байтурсынулы, а также заслуживших искреннее уважение народа — К. Нургалиев, К. Айткалиев, К. Битибаева, Р.Нуртазина, М. Тасова и Герои труда — Аягуль Миразова, Алина Соловьева и Алма Шукижанова.
Дорогие Учителя! Уважаемые коллеги! Сердечно поздравляю вас с праздником! Примите самые искренние слова признательности за ваш благородный самоотверженный труд и преданность избранному делу! Благодаря вам на крупнейших международных соревнованиях и олимпиадах казахстанский флаг все чаще развивается надо всеми, знаменуя постоянную победу наших ребят в самых разных отраслях. И во всем мире признан мощный интеллектуальный потенциал нашего будущего поколения. Только в этом году наши школьники завоевали 58 золотых медалей, стали трехкратными чемпионами мира по робототехнике, дважды победителями по химии. Спасибо за ваш труд! Крепкого здоровья, неиссякаемой энергии, благополучия и творческих успехов в вашей работе!
Загрузка...