Үлкен отбасының шынайы өмірі
Бұл шығарылымда Ляззат Туркестанованың қонағы — Қыдыралиева Айгүл, көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері. Қазір ол жетінші сәбиін күтіп жүр.
Айгүл екі жұмысты қатар алып жүреді: музейде қызмет етеді және почтальон болып жұмыс істейді. Соған қарамастан, үлкен отбасын алып жүріп, бәріне үлгеріп келеді.
Бұл подкаста біз оның күнделікті өмірі туралы ашық әңгімелестік:
көп баламен өмір қандай, шаршай ма, бәріне қалай үлгереді?
Бұл — мінсіз өмір туралы емес.
Бұл — шынайы өмір туралы.