Атырау университеті және жаңа заман талабы | Саламат Идрисов
«Білімді Ел» редакциясының кезекті шығарылымында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисовпен сұхбат өрбіді.
Ләззат Түркістанованың сұрақтарына жауап берген ректор университеттің бүгінгі әлеуеті, білім беру мен ғылымды дамыту бағытындағы басымдықтары, халықаралық ынтымақтастық және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері туралы әңгімеледі.
Сұхбат барысында жоғары білім беру жүйесіндегі цифрландыру мен жасанды интеллектінің рөлі, AI-Sana жобасының жүзеге асырылуы, дуалды оқыту жүйесі, қос диплом бағдарламалары және университеттің халықаралық рейтингтердегі нәтижелері кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ студенттерді әлеуметтік қолдау, жастардың ғылыми, спорттық және шығармашылық жетістіктерін ынталандыру мәселелеріне назар аударылды.
Сұхбаттың негізгі тақырыптары:
– Атырау университетінің даму стратегиясы мен білім беру әлеуеті;
– жоғары білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект және цифрландыру;
– ғылым мен өндіріс байланысы;
– студенттердің кәсіби тәжірибесі және жұмыспен қамтылуы;
– халықаралық академиялық ынтымақтастық және қос диплом бағдарламалары;
– студенттерді әлеуметтік қолдау және жастар жетістіктері.
Сұхбатта өңірлік жоғары оқу орындарының адами капиталды дамытудағы, ғылыми әлеуетті арттырудағы және ел экономикасына қажетті мамандар даярлаудағы рөліне ерекше мән берілді.
«Білімді ел» — білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен маңызды бастамалар туралы кәсіби пікір алмасу алаңы.