Ауылдық Педакадемиясы: Мұғалімдер үшін жаңа көкжиектер

Ақмола облысының Целиноград ауданында AMANAT партиясының қолдауымен «BAQUATTY AUDAN» бастамасы аясында «Ауылдық Педакадемиясы» пилоттық жобасы басталды. Бұл бірегей бағдарлама екі жылдан бері ауыл мектептерінің мұғалімдерін қолдау бағытында жұмыс істеп келеді.

​Esen Foundation білім беру жобаларының жетекшісі Камила Башарованың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – қолайлы орта құру және кәсіби өсуді қолдау арқылы ауылдық мектептердегі білім сапасын жақсарту. Жоба жетекшісі Айтжан Шаяхметова ауыл мұғалімдері үшін басты сын-қатерлердің бірі – әдістемелік жалғыздық пен кәсіби қорғансыздық екенін атап өтті. «Ауылдық Педакадемиясы» бірлескен даму және идеялармен алмасу үшін арнайы жағдай жасайды.

Тәжірибелі педагогтардан құралған тәлімгерлер шеберлік сабақтарын өткізіп, әріптестеріне озық әдістерді меңгеруге көмектеседі. Жобаны ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім Академиясы тарапынан жүзеге асырылуда. Сұхбат барысында ауыл мектебі мұғалімдерінің кәсіби дамуына қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий