Қазақстан құрамасы Халықаралық биология олимпиадасында ел намысын қорғауда
Литва астанасы Вильнюс қаласында 37-ші Халықаралық биология олимпиадасы (International Biology Olympiad, IBO-2026) өтіп жатыр. 12-19 шілде аралығында ұйымдастырылатын беделді білім додасына әлемнің 80-нен астам елінен ең үздік жас биологтар қатысуда.
Олимпиада барысында қатысушылар терең теориялық білімдерін көрсетіп қана қоймай, күрделі зертханалық жұмыстар мен эксперименттік тапсырмалар арқылы практикалық дағдыларын да сынайды.
Арнайы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасына төрт оқушы енді.
Олар:
Желтова Софья – Алматы қаласы Медеу ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қайыркен Ерсұлтан – Павлодар облысы білім беру басқармасының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» облыстық лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Меженина Евгения – Қарағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS мектебінің 11-сынып оқушысы;
Аширханов Алихан – Алматы қаласы Білім басқармасының мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Құрамаға ұлттық жаттықтырушы, медицина докторы Лейла Аскарова, «Білім-инновация» ХҚҚ әдіскері Ильяс Сакимов және Астана медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Уразбаев жетекшілік етуде.
Халықаралық биология олимпиадасы 1990 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1994 жылдан бастап тұрақты қатысады. Өткен жылы өткен IBO-2025 олимпиадасында ұлттық құрама 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, ел қоржынына төрт қола медаль салған болатын.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Загрузка...