Ғалымдар ағзадағы коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Вирусология институтының мамандары қара жемісті шетеннің шырыны коронавирусқа қарсы препарат бола алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Неміс ғалымдары өсімдіктерге зерттеу жүргізіп, адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін әлсірететін өнімді анықтады.

Ульм университеті медицина орталығы молекулярлы вирусология институты мамандарының зерттеу нәтижесі bioRxiv журналында жарияланды, деп хабарлайды “Мир 24”.

Ғалымдар бөлме температурасында табиғи өнімдерді вирустармен араластырып, біраз уақыттан соң, COVID-19-дың өзін қалай ұстайтынын зерделеген.

Осылайша қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде организмдегі коронавирусты 97%-ке дейін жоятыны анықталды. Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шықты. Анар шырынымен тамақты шая отырып, COVID-19 патогендерінің 80%-не дейін өлтіруге болады.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий