Ғалымдар дамудағы өзекті бағыттарды саралады

Халықаралық онлайн-конференция Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен «Қазақстандық мемлекеттілікті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі конституциялық қағидаттарына сәйкес бекіту – елдің табысты дамуының кепілі» тақырыбында халықаралық онлайн-конференцияда ұйымдастырылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Тұңғыш Президент күніне арналған жиынға қатысушылар Елбасының елдегі саяси жүйенің қалыптасуына қосқан үлесін, экономикалық және мәдени даму стратегиясының жетістіктерін талқылап, ғылыми тұрғыда сараптама жасады. Тәуелсіздік жылдарында ғылымның, мәдениеттің өркендеуіне жасалған мүмкіндіктер аталып, нәтижелері сараланды. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін нақты ұсыным әзірленетін болады.   

Жанар Темірбекова, Нұрсұлтан Назарбаев қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі:

– Назарбаев қорының тікелей көмегімен және қолдауымен біздің көптеген жас ғалымдарымыз халықаралық конференцияға қатысуға мүмкіндік туды. Өздерінің ғылыми жобаларын жасап, едәуір керемет нәтижелерге жетіп отыр. Ғылыми кеңестің аясында жыл сайын ең озық деген 80 студентке осы қордың стипендиясы беріледі. Сонымен қатар өзінің саласы бойынша ең үздік ғылыми жаңалық ашқан жас ғалымдарға қордың премиясы ұсынылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий