Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларымен тікелей эфирде тілдесті
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалар өкілдерінің бірінші республикалық слетіне қатысқан бірқатар мектеп оқушыларымен тікелей эфирде әңгімелесті. Асхат Аймағамбетов бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. Осы орайда, министрдің жазбасын жариялап отырмыз.
ЮНИСЕФ-тің «KidsTakeOver» бастамасы аясында мектептердегі балалар өкілдіктерінің бірінші Республикалық слетіне қатысқан оқушылармен Instagram парақшасы арқылы тікелей эфирде кездесулер өткіздім.
Эфир барысында балалар қызықты бастамалары мен ұсыныстарын айтты. Оқушылармен құқықтық сауаттылық, мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту және тағы басқа тақырыптарда әңгіме өрбіттік.
ЮНИСЕФ-тің бұл бастамасы балалардың бойында жауапкершілік сезімін арттыруға, өз көзқарастарын ашық жеткізуге және тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Балалар, сіздерді белсенді болуға шақырамын!
Батыл идеяларыңызбен бөлісіп, қызықты ұсыныстарыңызды айтудан жасқанбаңыздар!
Біз әрқашан сіздерді тыңдауға және қолдау көрсетуге дайынбыз!
Загрузка...