Бұқаралық спорт оқушылардың 42 проценті үшін қолжетімді болмақ
Мәселен, қазір 1 млн 260 оқушы спортпен жүйелі айналысады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Тастанбек Есентаев мәлімдеді, деп хабарлады 24.kz
Оның айтуынша, елдегі 1 252 мекемеде 60 мыңға жуық үйірме бар. Оның 39 мыңнан астамы – спорт секциялары. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шамамен 400 спорт мектебі жұмыс істейді. Жобалардың ішінде ілкімдісі – «Мен – Чемпион» бағдарламасы.
Тастанбек Есентаев, ҚР БҒМ ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры:
– «Мен – чемпион» жобасы мектеп ішінде 12-14 жастағы балалар арасында өткізіледі. Сонан кейін аудандар мен облыс орталықтарында ұйымдастырылады. Ақтық кезеңі «Хабар» телеарнасында көрсетіледі. Оған шамамен 1 млн оқушы қатысады деген жоспар бар.