«Қарттарымыз – қазынамыз»

Жуырда Астана қаласы әкімдігінің Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінде «Қарттарымыз – қазынамыз. Ата-әжемнің тағылымдық әңгімесі мен өнегесі» тақырыбындағы қызықты тәрбие сағаты болып өтті.

Мектеп алаңында құрылған киіз үйде жазғы «Этнолагерьдің» жоспары негізінде отбасылық тәрбие мазмұнындағы ұлттық құндылықтардың мәні мен жүйесінің маңызын түсіндіре отырып, жас ұрпаққа өнегелік, тағылымдық бағыт-бағдар беру мақсатында, «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұстанымын басты назарда ұстауға бағыттауды мақсат еткен шараға қатысушылар оң бағасын берді.

Жиынға қонақ болып талантты оқушылар Сәтжан Зұлһарнайдың атасы Шуленов Мақсұтқан Шуленұлы, Дария Булатованың әжесі Булатова Звайда, «Әжелер» қауымдастығынан шебер сынып көрсету үшін Салиха әже мен Ақжаңыл әжелер арнайы қатысты.

Олар отбасылық құндылық, қазақи болмыс, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар, яғни киіз үй құрылымы, оның қазақ халқы үшін маңызы, мәдениет пен өркениет жайында дастарқан басында емен-жарқын әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, атамыз ер балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, тіпті асық ату мен ханталапайды бірге ойнады. Ал, әжелеріміз бесіктің болашақ аналар, қыздарымыздың өміріндегі маңыздылығы жайлы атап айтып, кесте, құрақ тігу, ұршық иіруден шеберлік сыныбын көрсетті. Іс-шара соңында Звайда әжеміз әр үйде молшылық, береке, жетістіктер болсын деген ырыммен «Шашу шашу» дәстүрін өткізді. Іс-шараның көрігін қыздырып, арнайы сұхбат алу үшін еліміздегі білім саласына қатысты ең белді басылым саналатын «Білімді ел» газетінің редакторы Ляззат Туркестанова келіп қатысып, қонақтарымыз бен оқушылар, басшылық пен ұстаздар қауымына жылы лебізін білдірді.

Осылайша, бұл кеш ерекше есте қаларлықтай өтті. Алтын қазыналарымыз баға жетпес құнды әңгімелерімен бөлісіп, ұлттық қолөнер, салт-дәстүр, ұлттық ойындардың маңыздылығын айтып, шебер сағат көрсеткен Мақсұтқан атамыз бен Звайда әжемізге, сонымен қатар, іс-шараның бастамасын бастап, бағыт берген мектеп басшылығына алғысымыз шексіз!

 

Баршагүл ХАСЕН,
Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицейінің 7 «Ж» сынып жетекшісі,
Астана қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий