Қазақстанның жас данышпандары әлемдік аренада
2024 жылдың 14-15 желтоқсанында Халықаралық жарыс Нью-Делиде (Үндістан) 30 елден 6000-ға жуық баланың қатысуымен өтті. Әлемдік аренада Қазақстанның намысын UCMAS Қазақстан академиясының 33 үздік студенті қорғады. Қазақстан Visual competition жарысында 8 алтын, 5 күміс, 19 қола және 1 арнайы жеке жүлдеге ие болды. Олардың арасында Алдияр Құмархан – 1-орын, Айәділ Суханберді – 1-орын, Альтаир Амиралиев – 2-орын, Мирас Амиралиев – 3-орын. Балалардың жетекшісі – Бибігүл Нарынбаевна Амантаева.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінің бірінде: «Біз өзіміздің нағыз батырларымызды балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттауымыз керек… Біздің балалар математика, физика және басқа да пәндер бойынша олимпиадаларда жоғары марапаттарға ие болуда. Біз осындай дарынды балаларды қолдап, ұстаздарын ынталандыруымыз керек», – деп айтқан болатын. UCMAS Kazakhstan халықаралық академиясы балалардың зияткерлік дамуына қосымша білім беру саласындағы инновациялық бағдарламасын ұсынады. Жыл сайын UCMAS халықаралық академиясы аталған пән бойынша бүкіл әлемдегі ең ірі жарыстарды ұйымдастырады. Алайда, бұл жарыс ауқымды іс-шара ғана емес, еліміздің балалары үшін бүкіл әлем қауымдастығына өзін танытудың тағы бір мүмкіндігі.
Алдияр Құмархан 11 жаста. Қ.Сәтбаев атындағы BINOM school мектебінің 6 «Ә» лицей-сыныбының оқушысы. Ол Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен менталдық арифметикадан Халықаралық жарыста Visual E категориясы бойынша I орынды иеленді. Алдияр менталдық арифметикамен 6 жасынан айналысып келеді. Сол уақыттан бері қалалық, республикалық жарыстардың чемпионы атанып, әрдайым бірінші орынды иеленіп келеді. 2024 жылдың наурыз айында өткен Республикалық менталдық арифметика жарысының «Абсолютті чемпионы» атанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айәділ Суханберді Астана қаласындағы №101 орта мектептің 5-сынып оқушысы. UCMAS академиясында 2019 жылдан, 5 жасынан бастап оқды. Айәділ осыған дейін 2022 жылы Астана қаласында өткен қалалық турнирден (4-кезең) 1-орын, 2023 жылы Республикалық турнирде (4-кезең) 3-орын алған. 2024 жылы Әлемдік жарыста (4-кезең) 1-орын алды. Айәділге ментальдық арифметиканың барлық пәндерге пайдасы тиіп жатыр. Математикадан, ағылшын, тарих пәндерінен мектепаралық олимпиадаларға да қатысып, 1, 2-орын алып жүр, сурет салу таланты ашыла бастады. Дзюдодан сары белбеудің иегері. Қалалық жасөспірімдер арасында өткізілген лигаларда 1, 2, 3-орын иегері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Альтаир Амиралиев – 4-сынып оқушысы. NURORDA мектеп-лицейінде оқиды. Менталдық арифметикамен 6 жасынан айналысып келеді. Қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. 2023 жылы Малайзияда өткен халықаралық жарыстың 3-орын (visual) иегері. Альтаир баскетбол, каратэмен шұғылданады және домбырада жақсы ойнайды. Домбырада шебер орындаушы болып, «Таланттар Алаңы» конкурсында Гран-при ұтып алды.
Мирас Амиралиев – 2-сынып оқушысы. Мирас та NURORDA мектеп-лицейінде оқиды. Менталдық арифметикамен 5 жасынан айналысып келеді. Қалалық және республикалық жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, Мирас спортпен де шұғылданады. Жақында Yokishin каратэден өткен қалалық турнирде 2-орын алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Диас Шаргынов – менталдық арифметика бойынша қалалық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері, «Дарын» республикалық олимпиадасының 1-орын иегерi. Сонымен қатар, ол шахмат турнирінің жүлдегері және оқу озаты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Итак, 14-15 декабря 2024 года в г. Нью-Дели (Индия) в Нью-Делийском университете состоялся мировой турнир по устному счёту по уникальной программе Юсимас, в котором приняли участие 6 тыс. ребят из 30 стран мира. Я встретилась с ребятами из Международной академии Юсимас (Ucmas) (Казахстан, Астана), которые приехали с реальными достижениями! Все эти замечательные ребята, несмотря на свой юный возраст, чётко знают, чего хотят: хотят быть успешными, хотят быть лидерами, хотят учиться много и результативно. МОТИВАЦИЯ у них безусловная. Ребята учатся отлично, у них ответственность и дисциплина очень высокие, а ещё спорт, творчество и другие увлечения им даются легко за счёт умения мобилизоваться, быстро просчитать свои возможности и ситуацию, благодаря трудолюбию. Мама Айәділ Суханберді Жанара Рысбаева – педагог по профессии. Мама Алдияра Кұмархана Гульжан Кыдырбаева – финансист. Мама Диаса Шаргынова Дильда Алимбекова – дизайнер одежды, владелец ателье по индивидуальному пошиву женской одежды. Мама Альтаира и Мираса Акмарал Жарасбаева – юрист и родительница 4 детей, говорит, что UCMAS прочно вошла в их семью, все три сына успешны в ментальной арифметике. Все мамы – яркий пример того, что если своих детей поддерживать, развивать их, обязательно будет результат – это самое лучшее из всех придуманных человечеством инвестиций в будущее сыновей и дочерей!
Дети и родители уважают своего прекрасного педагога-инструктора по ментальной арифметике Бибигуль Нарынбаевну Амантаеву – она фанат своего дела, любит своих учеников, знает подход к каждому и нацеливает их только на труд, усердие, а за ними и высокие достижения.
Здорово, когда в нашей стране есть, и их немало, ребята, по-настоящему увлеченные, своими достижениями прославляющие Казахстан далеко за его пределами. Международная академия интеллектуального развития детей UCMAS Kazakhstan представляет инновационную программу в области дополнительного образования, а основателем и представителем этой франшизы в Казахстане является Сырланова Сауле Тыныштыкбаевна. Ежегодно UCMAS проводит соревнования, которые являются самыми масштабными состязаниями по данной дисциплине во всём мире. Однако эти соревнования не только масштабное событие, это ещё одна возможность для детей заявить о себе всему мировому сообществу. Вот так, как сделали в далёкой Индии эти ребята – герои нашего репортажа. Новых им успехов!
Видео-reels на Инстаграме liazzatturkestanova – интервью с замечательными юсимовцами-победителями вы можете посмотреть, наведя камеры своих мобильных телефонов на опубликованные на этой странице кюар-коды.
Ляззат ТУРКЕСТАНОВА
Фотовидеооператор Дильнур КЛЕЙМЕНОВА