Астана қаласы: Алаңсыз балалық шақтың шығармашылық ортасы
№35 “Ертегі” балабақшасы – тарихы терең, тағылымы мол, болашағы жарқын мекен! Бұл дәстүр мен жаңашылдық үйлесім тапқан білім ордасы. Мұндағы әрбір педагог – бала көңілін бағатын, тілін табатын алтын жүректі жандар. 1967 жылы іргетасы қаланған “Ертегі” балабақшасы – талай буын ұрпақтың алаңсыз балалық шағы өткен шығармашылық орта. Бүгінде бұл мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру орталығында бір әулеттің төртінші буыны тәрбиеленіп жатқан отбасылар бар. Бұл ұйымшыл ұстаздар ұжымы үшін ең үлкен жетістік. Және сенім мен үлкен жауапкершілік.
Бірінші кезекте баланың Soft skills дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Педагогтер заманауи білім беру стандарттарын, инновациялық әдістемелерді тиімді қолданып, баланың ортамен қарым-қатынас жасау, өз эмоциясын басқару, командада жұмыс істеу, креативтілік сынды қабілететтерін жетілдіру арқылы оны нағыз көшбасшы ретінде тәрбиелейді. Қазіргі кезде балабақшада жалпы саны 12 топ пен балабақша жанынан ашылған шағын орталықта тағы екі топ жұмыс істейді.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер әр баланың қарым-қабілетін ашуға көмектесіп, олардың өзіне деген сенімін нығайтады. Осы балабақшада балалар үшін: тұлғалық даму мен креативке бағытталған қосымшалар; психологиялық қолдау; физикалық және өнер бағытындағы үйірмелер; төрт мезгіл дұрыс тамақтану және қауіпсіз ойын алаңы мен жайлы орта қарастырылған.
Білікті басшылық – балабақшаның жүрегі мен тірегі. Жарты ғасырға жуық тарихы бар балабақшаның қалыптасуы мен дамуы – өз ісіне берілген, тәжірибелі және білікті меңгерушілердің қажырлы еңбегінің жемісі әрі жеңісі. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі іргетасы қаланған күннен гүлденуіне зор үлесін қосқан басшылар: Жақсыбекова Гашура Төлегенқызы, Шлесс Елена Ивановна, Гурьева Татьяна Ивановна, Байботанова Аида Жумановна, Рахменова Ляззат Галымжановна.Бұл басшылардың әрқайсысы балабақшаның бүгінгі бейнесіне өзіндік өлшеусіз із қалдырып, ұрпақ тәрбиесінде тынбай еңбектенген тұлғалар.
Ал, осынау көшбасшылардың ізін жалғап, бүгінгі таңда балабақша тізгінін жас та болса бас бола білген Мақамбаева Альфия Жанатовна ұстап отыр. Ол – “Болашақ” халықаралық бағдарламасының стипендианты, Назарбаев университетінің Жоғары мектебінің студенті, Көшбасшылықты дамыту бойынша бизнес-тренер. Жас келсе іске деген. Альфия Жанатқызы ұжымды жаңа деңгейге көтеріп, балабақшада Soft skills дағдыларын дамытуды жүйелі жолға қойып, әр баланың көшбасшылық қабілетін ашуға бағытталған инновациялық ортаны қалыптастыруда.
Сапалық құрам – сапалы білім кепілі. №35 «Ертегі» балабақшасында қазіргі таңда отыз жеті педагог қызмет атқарады. Олардың 27-сі (жетпіс үш пайызы) жоғары білімді, ал оны (27 пайыз) арнайы кәсіби орта білімге ие. Педагогикалық ұжым – тек білімді ғана емес, кәсіби деңгейі жоғары, жаңа формациядағы ұстаздардан құралған. Ұжымда 1 зерттеуші-педагог, бір сарапшы-педагог және 18 педагог-модератор қызмет атқарады. Яғни, педагогтер кәсіби категория иелері, бұл – ұжымның үздіксіз дамуға, кәсіби ізденіске ден қойғанының дәлелі.
“Ертегі” – тек білім мекемесі емес, үлкен отбасы. Мұнда балаларға бақытты балалық шақ сыйлап, жарқын болашаққа жол ашады. Астана қалалық білім Басқармасының бұйрығымен осыдан екі жыл бұрын №35 «Ертегі» балабақшасында тәрбиеленушілердің «Soft Skills дағдыларын дамыту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру» бағытында эксперименттік алаң ашылды. Тәжірибе алаңы инновациялық цифрлы құралдармен толықтай жарақтандырылған.

Мұнда балалардың бойында жұмсақ дағдыларды – яғни, коммуникация, командамен жұмыс істеу, эмоцияны және уақытты басқара білу, креативтілік және сыни ойлау сияқты маңызды өмірлік дағдыларын дамыта отырып, әр баланың бойындағы көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік мол. Біздің балабақшада баланың тұлғалық әрі лидерлік қасиеттерін дамытатын «Мерген бала» садақ ату клубы, спорттық балды би, вокал, хореография, интерактивті спорттық кешен, интерактивті скаладром, интерактивті сенсорлы еден, интерактивті құм терапиясы және носительмен ағылшын тілі сынды қосымша ақылы қызметтер бар.
«Мерген бала» клубы – балаларды шыдамдылыққа, мергендікке және денені дұрыс ұстауға үйретсе, интерактивті спорттық кешен құрылғысы-бүлдіршіндерді шапшандыққа, эмоциясын дұрыс бағытта шығаруға баулиды. Ал, интерактивті сенсорлы еденің мақсаты балалардың аяқ бұлшықеттерінің дамуына және зейінің тұрақтандыруға көмектеседі. Сенсорлы еден – бала дамуына кешенді әсер ететін тиімді, заманауи құрал.
Ол арқылы бала қимылдап қана қоймай, сезініп, дамиды. Интерактивті құм терапиясы- эмоционалдық дамуға үлесін қосады. Балалар ішкі уайымын, күйзелісін сыртқа шығарады, қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту арқылы сөйлеу қабілетері жақсарады. Спорттық балды би – нағыз эстетикалық және сәнділік символы, баланың шығармашылық қабілетін ашады, өзін еркін көрсетуге, эмоциясын білдіруге мүмкіндік береді және әлеуметтік дағдыларды дамытады, қарым-қатынас жасау, жұппен жұмыс істеу, сыпайылық пен серіктеске құрметпен қарауға ұмтылады.
Ағылшын тілі — таным көкжиегін ашады, балаларға әр түрлі арнадан шетелдік мультфильмдерді түсінуге мүмкіндік береді және есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады. қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық сияқты дағдылар дамиды. Ағылшын тілі тек шет тілі емес, бұл – мүмкіндіктерге апарар жол. Вокал – баланың сөйлеу мәдениеті қалыптастырады дикция, дыбысты анық айту қабілетін жетілдіреді, өз-өзіне сенімділігін арттырады. Ол сахнада ән айту арқылы ұялшақтықты жеңеді.
Хореография – балалардың дене икемділігін арттырады. Координация мен тепе-теңдікті дамытады және шығармашылық ойлау қабілетін ашады, яғни сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. Би арқылы бала өзін еркін әрі көркем жеткізеді. Хореографияға балабақшаның жартысынан көбі қатысады десек артық айтқандық болмас. Үлкен сахнаны бағындырып жүрген ұл қыздарымыз біздің мақтанышымыз. Бұл үйірмелерден бөлек салаутты өмір салтын сақтау бағытындағы бассейн, футбол, каратэ, тұз шахтасы секілді үйірмелер қызметіде бар.
Балабақшада ерекше білім беруді қажет ететін балаларда назардан тыс қалған жоқ, олар «ақылды айна», «интерактивті галаграмма» құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Білім Басқармасы және «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен 2024-2025 жылдан бастап “Әр бала мектепке баруға лайықты” жобасы іске қосылды. Онда дефектотлог, логопед, психолог мамандары және әр ерекше білім беруді қажет ететін балаларға педагог-асисистент тағайындалған. Астана қалалық №35 “Ертегі” балабақшасы – бүгінгі баланың ертеңгі табысты тұлғаға айналуына бастар алғашқы қадам.
Нұрлан МЕРАЛЫ
Загрузка...