Павлодар облысында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасуда

Бүгін қайырымдылық бастамасына «Aport» киім дүкені қосылып, өңірдің 126 оқушысына қолдау көрсетті. Май, Ақтоғай, Успен, Баянауыл аудандары мен Павлодар қаласының балаларына мектепке қажетті заттар табысталды.

90 бала кеңсе тауарлары салынған мектеп сөмкелерін алса, 36 оқушыға мектеп формасының толық жиынтығы сыйға тартылды.

Бұл — балаға берілген жай ғана сөмке немесе мектеп формасы емес.

Бұл — жаңа оқу жылын алаңсыз бастап, қатарынан қалмай, өзіне сенімді қадам басуға берілген мүмкіндік.

Бүгінде облыс бойынша 1500-ден астам оқушыға 30 миллион теңгеге жуық көмек көрсетілді. Акция соңына дейін тағы 1500 баланы қамту жоспарланып отыр.

«Мектепке жол» — әр баланың жарқын болашағына жасалған ізгі қадам.

Қайырымдылық акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий