Екібастұз өңірінде «Мектепке жол» акциясы аясында 503 оқушыға көмек көрсетілді

Екібастұз өңірінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы барлық 40 білім беру ұйымында өтуде. Оның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында ерекше қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсету.

Бүгінде білім беру ұйымдарында көмекке мұқтаж 667 оқушы анықталды. Оның 503-іне қажетті қолдау көрсетілді, бұл жалпы санның 75,4 пайызын құрайды. Көрсетілген және тартылған қайырымдылық пен материалдық көмектің жалпы көлемі 7 813 850 теңгені құрады.

Балаларға мектеп формасы мен киім, аяқ киім, мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары және оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетілуде. Сонымен қатар қаржылай және өзге де атаулы қолдау ұсынылады.

Акцияға қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдары, кәсіпкерлер, сауда компаниялары, спорт мекемелері, педагогикалық ұжымдар және ата-аналар қауымдастығы қатысуда. Қайырымдылық жасаушылар қатарында «Богатырь Комир», Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2, «Горэлектросеть» АҚ, «Бозшакөл» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Банк ЦентрКредит, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Жоламан» ЖШС, Екібастұз ЖЭО, Кешенді ферроқорытпалар зауыты, «Қазсушар» РМК, «Санлин» футбол академиясы, сондай-ақ қала кәсіпкерлері мен сауда ұйымдары бар.

Акцияны жүзеге асыруға білім беру ұйымдарының өздері де елеулі үлес қосуда. Педагогтер мен ата-аналар балалардың қажеттіліктерін анықтауға, қайырымдылық жасаушыларды тартуға және қажетті заттарды сатып алуға атсалысуда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий