Ұстаздық жолымның бағдаршамы
Мұғалім мәртебесін көтеріп, қадірі мен қасиетін құрметтеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Ұстаз ұлағатын ұлықтау туралы мәселе қазіргі таңда түрлі жиындарда көтеріліп, қоғамның қызу талқысына түскен. Бұл орайда тамыз кеңесінің мәні мен маңызы ерекше екенін ұмытпау қажет.
Тамыз кеңесі – оқу жылының қарсаңындағы жыл сайынғы кездесу ғана емес, білім берудің аса маңызды мәселелерін талқылап, мәнін ашуға тамаша мүмкіндік беретін, жетістікке жеткен педагогтарды марапаттайтын, олардың тәжірибесін жастарға үлгі етуге мүмкіндік беретін жиын. Сондықтан, тамыз конференциясы біз үшін ең маңызды жиын.
Конференцияда жоғарғы деңгейде шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген білікті ұстаздармен кездесетін боламыз. Пікір алмасып, білім саласында өзімді мазалап жүрген сұрақтарға тұшымды жауап алатыныма сенемін. Алқалы жиын жаңашыл ұстаздардың еңбектерімен танысуға зор мүмкіндік береді. Мен үшін тамыз конференциясы ұстаздық жолымның бағдаршамы дер едім
Нұрболат Рахметов,
дарынды балаларға арналған
Абай атындағы №10 лицей-мектебінің
информатика пәні мұғалімі,
Павлодар қаласы