Білім бәйгесі «Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту!» Республикалық ашық байқауы туралы ЕРЕЖЕ
«Цифрлық білім беру: Онлайн оқыту!» Республикалық ашық байқауының (бұдан әрі – Байқау) шарты:
1)цифрлық дәуірде қашықтан оқыту мен таратудың тиімді тетіктеріне қайта мән беру қажеттілігіне;
2)Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында міндеттелген педагог мамандығының жоғары мәртебесін қамтамасыз етуге, ауыл мен қала мектептеріндегі, аймақтардағы, оқу орындары арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартуға, үздіксіз білім беру бағытындағы маңызды тапсырмаларды орындауға;
3) қашықтан оқыту үдерісін ынталы топтар (педагогтер, білім алушылар, ата-аналар және басқа тұлғалар) мен ел тұрғындарының дұрыс қабылдауы мен түсінуінің маңыздылығына;
4) педагогтер мен білім алушылардың медиа-құзіреттілігін дамытудың өзектілігіне негізделген.
Байқаудың ұйымдастырушысы: «Білімді Ел – Образованная страна» республикалық білім беру, қоғамдық-саяси газеті.
Байқаудың мақсаты: Қазақстандағы қашықтан оқытудың тиімді тәжірибесін талқылау және ілгерілету.
Байқаудың міндеттері:
– педагогтердің қашықтан оқытудағы тәжірибелеріне қолдау көрсету;
– білім алушылардың қашықтан білім беру бағытындағы пікірлерін зерделеу;
– педагогтердің озық ойлары мен пікір алмасуына ақпараттық алаң ұсыну;
– қашықтықтан оқытудың ерекшелігіне, артықшылығы мен қиындықтарына қоғамның назарын аудару;
– қашықтан оқыту тәжірибесінің маңыздылығын арттыру.
Байқаудың мерзімі: 2020 жылғы 1 сәуір мен 20 мамыр аралығы.
Байқаудың мазмұны: Үміткер байқауға қатысу үшін ұзақтығы 2 минуттан аспайтын қашықтан оқыту мазмұнындағы бейнероликті түсіру қажет. Жеке түскен бір фотомен бірге келесі ақпараттарды ұсынуы қажет: Тегі, әкесінің аты және есімі, қатысушының мәртебесі (педагог, білім алушы); оқу орны мен жеке тұлғаның мекен-жайы; оқыту пәні (дәріс), сынып (курс) және дәріс тақырыбы; ең үздік онлайн оқытуға лайықты деп таңдалатын сабақтың 2-3 ерекшелігін көрсету!
Материалдар төмендегі телефон нөмерлеріне WhatsApp арқылы жолдануы тиіс (кері байланыс жасауға болатын ұялы байланыс нөмірлерін көрсете отырып): 8707-6015404 (қазақ тіліндегі материалдар үшін), 8702-4147548 (орыс тіліндегі материалдар үшін), 8705-1094306 (анықтама үшін),
Барлық жолданған материалдар газеттің www.bilimdinews.kz сайтында орналастырылады.
Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау: Ең көп қаралым мен пікірлер жинаған бір ПЕДАГОГ және бір БІЛІМ АЛУШЫ-ның бейнероликтері Байқау жеңімпаздары атанады.
Жеңімпаз-бейнероликтердің авторларына газет редакциясының атынан сыйлыққа екі НОУТБУК табысталады!
Қаралым саны мен пікірлердің көптігі бойынша үздік 10-дыққа енген бейнесабақтардың авторлары ынталандыру сыйлықтарымен – электрондық үлгідегі дипломдармен марапатталады.
Байқауға қатысушылар: барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогтері (мектепке дейінгі орталықтар мен мектептер, арнаулы білім беру орындары, жоғары оқу орындары); оқушылар, студенттер, колледждер мен ЖОО магистранттары мен докторанттары.
Байқаудың әділ қазылар алқасы. БАҚ, педагогикалық және ата-аналар қоғамдық ұйымдарының өкілдері.
Байқаудың қорытындысы 2020 жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей, www.bilimdinews.kz сайтында және «Білімді Ел – Образованная страна» газетінің бетінде жарияланатын болады.
Загрузка...
Бүгін соңғы күн, жауабын күтеміз?