«Сейтқасымов оқулары» халықаралық конференциясы өтті
Esil University-де ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғабдығапар Сейтқасымовтың ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған «Сейтқасымов оқулары-2023» тақырыбында жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға 150-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Ресей мен Беларусь профессорлары, Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірінші басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері және академиктің отбасы мүшелері болды. Шараны ашып берген Esil University ректоры, профессоры Аяпберген Таубаев алғысөзді айту үшін 1992-1993 жылдары ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы болған Ғалым Байназарұлына кезек берді. Ардагер экономист өзі қызмет еткен Тәуелсіздік жылдарындағы қаржылық мәселелер төңірегінде монография жазып жатыр екен. Ол монография теңгенің 30 жылдығы қарсаңында Esil University құрылтайшыларының көмегімен басылып шықпақ. Ғалым Байназаров қазір зейнетте болса да, конференцияға арнайы келіп қатысып, Ғабдығапар Сағитұлы туралы тың деректермен қатар, оның ел экономикасына сіңірген еңбегін егжей-тегжейлі баяндап берді.
– Конференцияға жиналып отырған құрметті қауым, шетелденкелген қонақтар, Esil University оқытушы-профессорлары мен студенттер, бәріңізді бүгінгі маңызды күнмен құттықтаймын. Неге десеңіздер, Ғабдығапар Сейтқасымов ағамыз – барлық саналы ғұмырын осы экономикаға, оның ішінде банк саласынаарнаған өте сирек те дара ғалымдарымыздың бірі. Сондықтан олкісінің құрметіне, әрі еске алу мақсатында өтіп жатқан бұл конференция мен үшін өте маңызды және жүректі толқытатын әсер сыйлап отыр. Ғабекеңмен кезінде бір мектепте оқып, кейінбір дәуірдің ғұмырын кештік. Ол кісі мен үшін аса қымбат, асылазаматтардың бірі болды, – деді ол тебірене сөйлеп.
Еске сала кетсек, Ғабдығапар Сейтқасымов – ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің, қазіргі Esil Universityбірінші ректоры. Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері болған тұлға.Профессордың өзі және оның тікелей басшылығымен «Банк ісі», «Бағалы қағаздар және қор нарығы», «Банктердегібухгалтерлік есеп және есеп беру» сияқты оқулықтар сериясыжазылған.
Сейтқасымовтың бүкіл өмірі Қазақстандағы жоғары экономикалық біліммен тікелей байланысты. Оның жетекшілігімен ұстаздық қамқорлығын көрген бірнеше мың жас маманеліміздің қаржы, банк мекемелерінде жұмыс істеп жүр. Олардың ішінде Қаржы министрлігі мен Экономика министрлігі, ірі коммерциялық банктер мен және басқа да экономикалық ведомстволардың басшылары, ғалымдар және мемлекет қайраткерлері бар.
Бұл туралы Ғабдығапар Сағитұлымен Қарағанды университетінде қызмет атқарған, ол кісімен талай жылдарбойы ғылыми ізденістерді бірге жүргізген экономика ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Зағира Ысқақова айтып берді.
– Өзің ерекше құрметтейтін, ең қымбат адам туралы өте көпестеліктер айтуға болады. Міне, осы университеттің қабырғасында әр жылдың қыркүйегінде Ғабдығапар Сағитұлын еске алу шаралары ұйымдастырылады. Ол – студенттер мен шәкірттердің ұстазға деген үлкен құрметі мен сыйластығы. Ғабекең, жалпы, өте қарапайым, мейірімді және кәсібіне адаладам болды. Асықпай, аптықпай жүріп-ақ біраз шаруаны бір өзі тындыра беретін. Біз бір кафедрада ұзақ жылдар бойы жұмыс істедік. Біздің алғашқы студенттеріміз боп түлеп ұшқан талапкерлеріміздің көбі қазір беделді қызметтерде жүр. Әдеби салада емес, экономикада қызмет еткен адам үшін арнайылап«Сейтқасымов оқулары» деп жыл сайын конференция ұйымдастыру – әркімге беріле бермейтін бақ. Сондықтан да мен бұл дәстүрдің жылдан-жылға қанат жайып, жас зерттеушілермен ғалымдарға бағыт-бағдар бергенін қалаймын, – деді Зағира Дүйсенбайқызы.
Esil University-дің негізін қалауға көп жыл жұмыс істеп, «Еуразия» халықаралық экономика академиясының академигіжәне салық қызметінің екінші дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі болған Алданыш Нұрымов баяндамалардың алдындағы естеліксөздердің өзі нүктесін қойды.
– Бүгін бүкіл республикаға даңқы шыққан, еңбегі сіңген ғалымды еске алып отырмыз. Ол өте кішіпейіл, өте адал, қолынан келсе адам баласынан жақсылық аямайтын еді. Екеуміздің арамыз жарты-ақ жыл болғасын құрдастардай сыйластық. Ғабекеңнің жасаған ізгі істері өте көп. Осы университетті өзі аяғына тұрғызды. Әрі ғылым саласында да үлкен еңбек етті. Esil University директорлар кеңесінің төрағасы Берік Бейсенғалиев те – ол кісінің тәрбиелеген шәкірті, докторанты. 14 қыркүйек, Ғабекеңнің туған күні қарсаңында конференция өткізу де осындай шәкірттердің бастамасыменжүзеге асып отыр. Сол себепті де, мен шараныұйымдастырушыларға, ел мен шетелден келген қонақтардың бәріне алғысым шексіз, – деді Алданыш Арыстанғалиұлы.
Ғабдығапар Сейтқасымов туралы әріптес-достарының естеліктерінен кейін Esil University ректоры конференцияның келесі кезеңіне кіріспе жасады.
– Көңілді тебірентер құттықтау сөздер мен естеліктерайтылды. Енді конференциямыздың негізгі жұмыстарына көшеміз. Ғабекеңнің еңбегі мен оның шәкірттерінің арқасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасы, қаржы мамандықтарының қызметкерлерімен біздің университеттің қаржы саласының мамандарының арасында тығыз байланыс бар. Солбайланыстың нәтижесінде «ҚР Ұлттық банкі» атты ұжымдық оқулық шығайын деп жатыр. Ұжымдық оқулық деу себебіміз – оның әрбір тарауының жеке авторлық тобы бар, – деді EsilUniversity ректоры. Алдан Таубаевтың айтуынша, ол оқулық қазанның біріне дейін баспаға беріліп, жинақ болып басылады. Бұл жұмыстардың барлығы теңгенің 30 жылдығы аясындажүзеге асырылып жатыр екен.
Ректордың кіріспе сөзінен кейін пленарлық мəжіліс басталып, ғылыми баяндамалар оқылды. «Несие нарығының архитектурасын өзгерту» тақырыбындағы бірінші баяндаманыОрынбор мемлекеттік университетінің «Банк ісі жəне сақтандыру» кафедрасының профессоры Надежда Парусимоважасады. Одан кейін «Қазақстандағы сақтандыру нарығының даму болашағы» туралы терең зерттеулер айтылды. Бұл баяндаманы көпшілікке таныстырған – ҚазАТУ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің оқытушысы Зәмзәгүл Баймағамбетова. Содан соң Гродно қаласындағы Янка Купала мемлекеттік университетінің «Экономика жəне кəсіпорынды басқару» кафедрасының доцентіИрина Бычек «Қазіргі заманғы ұйымдағы персоналды басқару процестері жəне олардың даму ерекшеліктері» жайында айтыпберді. Баяндамалардың соңғы түйінін Esil University«Ақпараттық жүйелер жəне технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Артем Быков жасады. Ол табиғи факторларәсерінен темір жолдарда кенеттен болатын қатерлер төңірегінде сөз қозғады.
Баяндамалар тыңдалып болғаннан кейін секциялар бойыншажұмыстар жүргізілді. Бірінші секцияда «Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасы мен оның серіктестерінің əлеуметтік-экономикалық дамуындағы сын-қатерлер» тақырыбы талқыланса, екінші секцияда «Экономиканың мемлекеттік жəне жеке секторларына арналған заманауи басқару шешімдері» туралы сөз болды.
Одан кейінгі секцияларда «Қазақстанның қаржы-банк жүйесін дамыту бағыттары» мен «Қазақстандағы жəне əлемдегі есеп, аудит қызметінің өзекті мəселелері» жайлы пікірлер айтылды. Сондай-ақ «Маркетинг бəсекеге қабілеттіліктің өсу көзі ретінде», «Қазіргі нарықтық экономикадағы туристік бизнестідамыту трендтері» және «Қазақстан қоғамының проблемаларыншешуге арналған IT-шешімдер» сияқты секцияларда нарық пен экономикадағы маңызды тақырыптарға талдау жасалды. Барлығы 10 секцияны құрайтын конференция кезеңі «Гуманитарлық ғылымдардың өзекті мəселелерін» ортаға салумен қорытындыланды.
Конференцияға қатысушылар кредиттік нарық архитектурасын трансформациялау, Қазақстанның сақтандыру нарығын дамыту перспективаларын талқылап, қазіргі заманғы ұйымдағы персоналды басқару процестері және олардың даму ерекшеліктеріне көңіл аударды. Одан бөлек, әлеуметтік теңсіздіктің қаржылық тетіктерін дамыту, цифрландыружағдайындағы маркетинг пен кеден ісін дамыту үрдістері, әлемдегі есеп және аудиторлық қызмет, елдегі көміртегі бірліктері нарығын дамыту бойынша басқару шешімдері сияқты өзекті мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.
Конференция барысында 156 баяндама тыңдалды, оның ішінде 67-сі отандық жоғары оқу орындарынан болса, ал 23-і шетелдік ғалымдардікі. Ғабдығапар Сейтқасымовтың ғылыми жолы мен экономика саласындағы ерен еңбегін дəріптеу үшін отандық және шетелдік ғалым-профессорлар қатысқан «Сейтқасымов оқулары-2023» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы осылай өз межесіне жетті. Айтакетсек, бұл – 2019 жылдан бері осымен төртінші ретұйымдастырылып отырған конференция.
Әсем БЕКТЕМІРҚЫЗЫ
Загрузка...