Исламға Әлемнің 40 оқу ордасының қақпасы айқара ашық

Биылғы Түркістандық түлектердің бірі БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттерінің 40 университетінен білім алуға шақырту алды. Иә, шалыс оқымадыңыз, озық оқушыны әлемнің 40 білім ордасы қол бұлғай шақырып тұр.

Зерек жігіттің есімі – Ислам Абдурахманов. Ол Түркістан қаласының тумасы, ата-анасының ортаншы баласы. Алдымен, ол 1–6-сынып арасында №9 Некрасов атындағы мектепте білім алған. Кейін, Түркістан «Білім-Инновация» ер балалар лицейінде оқып, тәмамдады. Аталған мектептің табалдырығына 7-інші сыныпта қадам басқалы, ол өзін түрлі бағыттарда сынға сала отырып, түрлі жетістіктерге қол жеткізген.

Жетінші сыныпта интеллектуалды жарыстарды негізге алған ол, әсіресе, шахматқа ерекше ден қойды. Нәтиже көз қуантып, қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді. 8-інші сыныпта IT саласына қызығушылығы оянып, жаңа бағытқа қадам басты. Бұл салада республикалық деңгейде өткен «Hackathon» атты жарыстан алтынға қол жеткізіп, осы іс-шарада алған тәжірибесі «Қазақстан білім олимпиадасынан» бірінші орын иеленуіне себепкер болды. 9-ыншы сыныпта қоғамдық істермен айналысуға бет бұрып, Түркістан қаласының «Eco Turkistan» клубының мүшесі болып, сол тың тәжірибе арқылы Кентау қаласында өзінің «Green Team» атты жеке эко-клубын ашты. Ал, 10-ыншы сыныпта үш жыл бойы жинаған жетістіктері негізінде мектеп Президенті атанды. Бұл тұста «Республикалық жас көшбасшылар» құрылтайына шақырту алған оған дәл осы іс-шара аясында Асхат Аймағамбетовпен кездесіп, сабақ алу сәті бұйырған болатын. Лицей Президенті ретінде ішкі білім және спорт бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруда елеулі еңбек етіп, республикалық және облыстық футбол жарысында алтын мен қоланы қанжығалағаны тағы бар. Әлбетте, қоржын тәжірибеге толы болған соң, шетел асуға сенім басым болғаны рас. Бұл туралы ол өзі:

– 11-інші сыныпта жоғары оқу орнына түсуді қолға алдым. Бұл мақсат әлемнің 6 елінен 40-тан астам университетінен шақырту алуыммен жалғасты. Алайда білім алу үшін 1-орынды таңдау қажет болды. Көп ойлана келе, АҚШ-тың Техас штатының Хьюстон қаласындағы North American University (NAU) университетіне тоқталдым.
Мені осы күнге жетелеген әр ұстазымның алдында қарыздармын. Әсіресе, лицейдегі ағайларым – Айдос Куатов, Арғын Бастамиге, сондай-ақ, әпкем Сымбат Паяға ерекше алғысымды білдіргім келеді, – дейді Ислам.

Ал, есімі аталған ұстазы Арғын Бастамидің Түркістандағы аталған лицейде қызмет еткеніне екі жылдан асты. Аз уақытта мұндай шәкірт тәрбиелеуге атсалысу озық ұстаздық тәжірибенің жемісі екені даусыз. Отыздан астам республикалық олимпиада жеңімпаздарын, екі халықаралық олимпиада жүлдегерін даярлаған география пәнінің ұстазы, аталған мектептің директоры орынбасары, оқушысы Исламға сынып жетекшісі, ұстазы ретінде ерекше пікірін білдірді:

– Ислам әрдайым ізденісте жүреді. Тіпті, республикалық КТК ойындарында да өзін көрсеткен өте белсенді жігіт. Бастапқыда информатика пәнінің олимпиада жүлдегері болған ол, кейін тілдік дағдыларға зер салды. Айдос Куатов есімді ағайының мамандыққа бағыт беруінің арқасында, бірлесе отырып, үлкен жетістікке жетіп отыр.
Мектеп Президенті ретінде қалыптасқан жүйенің кей тұстарына өзгеріс енгізе алды. Бір жағынан, спортқа да бейім. Спорттық жетістіктердің басы-қасында жүргені соған дәлел шығар. Біз мұндай жан-жақты, талантты, білімді, қағілез, елгезек оқушымыз барын әрине, мақтан тұтамыз, – дейді ұлағатты ұстаз.

Шындығында да, шет елде білім алып, кері өз Отанына үлкен тәжірибемен, білім азығымен оралып, пайда әкелуге жетелейтін бұл мүмкіндік Исламның 5 жылдық еңбек пен ізгі ниетінің жемісі сыңайлы. Шетелдік шақыртулардан рекорд орнатқан жас жеткіншекке ақ жол тілейміз!

Ислам Абдурахмановты оқуға шақырған университеттер тізімі:

UAE:

1) Heriot-Watt Dubai

2) Middlesex Dubai

3) De Montfort Dubai

4) Murdoch University Dubai

5) University of Wollongong Dubai

6) RIT Dubai

USA:

7) Dean College

8) Delaware College

9) Kansas State University

10) Liberty University

11) New England College

12) The University of New Mexico

13) University of San Francisco

14) Texas Wesleyan

15) University of Kentucky

16) North American University

17) Belmont Abbey College

18) Albright College

19) Alma College

20) Bluffton University

England:

21) UWE Bristol

22) Heriot Watt University

23) Cabterbury Christ

24) Bournemouth University

25) Manchester Metropolitan University

26) Newcastle University

27) Queen Mary University of London

(Russell Group)

28) University of Birmingham

(Russell group)

29) University of Exeter

Poland:

30) Vistula University

31) Vizja

Malaysia:

32) City University

33) Heriot Watt University

34) APU

35) Xiamen University

36) Taylor’s University

37) Sunway University

38) UCSI

Switzerland:

39) Cesar Ritz Colleges Switzerland

40) Hotel Institute Montreux

 

Орынгүл МАХМУД,
Қазақстан Журналистер
Одағының мүшесі

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий