Жұмысшы мамандықтарын қолдау тәжірибесі кеңейтілуі қажет
ҚР Премьер-министрі Олжас БЕКТЕНОВ Павлодар облысына кезекті жұмыс сапары (27.03.2025 ж.) аясында «KAZ Minerals Bozshakol» және «Қазақстан вагон жасау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Онда Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы мен шаралары талқыланды.
Үкімет жетекшісі «Бозшакөл» мыс кеніші алаңында технологиялық үдерістермен танысты. Зауыт жылына отыз миллион тонна кен өңдейді. Өткен жылы 105 мың тонна мыс өндірілді, сонымен қатар мұнда мыс, алтын, күміс және концентраттағы мырыш өндіріледі. Дайын өнім Қытай, Түркия, Өзбекстан мен Бельгияға экспортталады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл кәсіпорын ақылы тағылымдамадан өту үшін екі жүзден астам студент тартуды жоспарлап отыр. Бүгінде компанияда 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Олжас Абайұлы «Түсті металлургия жоғары колледжінде» болып, онда Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде жұмысшы мамандар даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Премьер-министрге өңірдегі өнеркәсіпте сұранысқа ие болашақ мамандардың біліктілігі мен дағдыларының картасы ұсынылды. Жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерімен қатар жас мамандарды қолдау шараларына назар аударылды. Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту шеңберінде облыста «Жаңа кәсіптер атласы» енгізілуде және «Колледждер мен ERG компаниясының альянсы» құрылуда.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, жастардың жұмысшы мамандығына деген ынтасын арттыру және олардың беделін көтеру үшін кешенді шаралар іске асырылуда. Үкімет өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы жұмысшы мамандарына бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама негізінде 72 миллиард теңгеге 2440 қарыз беріледі. Тұрғын үй мәселесін шешуге қолдау көрсету жұмысшы мамандығында оқуға айтарлықтай ынталандырады. Бұдан басқа, инфрақұрылымды жаңғыртудың ауқымды жобалары жарияланды, оларды іске асыру үшін техникалық білімі мен жетілдіруге ұмтылысы бар жастар қажет.
Сонымен қатар инновациялар мен цифрлық шешімдерді қолданудың маңыздылығы атап өтілді. Оқу-ағарту министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, Павлодар облысының тәжірибесі негізінде «Колледждер мен кәсіпорындардың альянсын» құру тапсырылды. Сондай-ақ Павлодар облысының «Жаңа кәсіптер атласы» шеңберінде әзірленген біліктілік арттыруды аяқтағаннан кейін диплом алу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеліміне енгізу қажет. Үкімет басшысына техникалық мамандықтардың студенттері таңдаған мамандықтары, оқудағы жетістіктері және болашақта жұмысқа орналасу жоспарлары туралы айтып берді.
– Темір жонушы мамандығы – машина жасауда кең таралған әрі сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Менің бұл саланы таңдауыма себепші болған және алғаш осы мамандыққа қызығушылығымды оятқан – менің ағам. Алдағы уақытта өзімнің білімім мен білігімді арттырып, өндірістік салада жұмыс істеуді жоспарлап отырмын, – деді «темір жону ісі» мамандығының екінші курс студенті Қайсар Дәулетбаев. – Мен электр қозғалтқышын реверсивті басқару схемасы «жұлдыз-үшбұрышты» құрастырдым. Бұл схема металлургия өндірісінде, шикізатты тиеу-түсіру және болат балқыту цехтарында, конвейерлерді, диірмендерді іске қосу үшін кеңінен қолданылады. WorldSkills байқауына қатысу жоспарым бар, – деді электр жабдықтары мамандығының 2-курс студенті Александр Беляев. Сондай-ақ төртінші курс студенті Илья Горловтың WorldSkills және ERG Skills байқауларында жеңімпаз атанған жұмыстары көрсетілді.
Өңір жетекшісінің баспасөз қызметі ұсынған ресми ақпаратқа жүгінсек, Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобалар қоры осы өңірде «Samruk Umiti» жобасын іске асырып, оны қаржыландыруға ниетті. Нәтижесінде жуырда аймақ басшылығы мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ынтымақтастық туралы меморандумға (облыс әкімі Асайын Байханов пен қордың бас директоры Альфия Адиева) қол қойған екен. Бұл жоба балалар үйінің 8–9-сынып оқушыларын колледждерге жұмысшы мамандықтарға оқуға түсуге дайындауға және жетім балаларды ересек өмірге бейімдеуге бағытталған. Сондай-ақ қор балалар үйінің түлектерін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
«Samruk-Kazyna Trust» қорының «Samruk Umiti» жобасы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін ерте жастан мансаптық бағдарлауға үйрететініне қуаныштымыз. Биыл 54 түлек мектеп бітіреді және олардың алдағы тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобалар қоры біздің өңірде «Samruk Umiti» жобасын іске асырып, оны қаржыландыруға ниетті. Аталмыш жоба балалар үйінің 8–9-сынып оқушыларын колледждерге жұмысшы мамандықтарға оқуға түсуге дайындауға және жетім балаларды ересек өмірге бейімдеуге бағытталған. Сондай-ақ қор балалар үйінің түлектерін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді. Қол қою рәсіміне облыс әкімі Асайын Байханов пен қордың бас директоры Альфия Адиева қатысты.
– «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Samruk Umiti» жобасы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін ерте жастан мансаптық бағдарлауға үйрететініне қуаныштымыз. Биылғы жылы 54 түлек мектеп бітіреді және олардың алдағы тағдырына бей-жай қарай алмаймыз. Өңірде балалар үйінің тәрбиеленушілері назардан тыс қалған емес, колледж, жоғары оқу орындарын бітіргенге дейін оларға қолдау көрсетіледі. Бұл жұмысты «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйі жүргізеді. Бұл ретте түлектердің жұмысқа орналасуы толық жүз пайызды құрап отыр. Жергілікті мамандарды кәсіби даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың жалғасын тауып, жобаның сәтті іске асатындығына сенім мол, – деді Ерсайын Қуандықұлы.
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады. «Самғау» орталығында түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізетін елуден астам білікті педагог жұмыс істейді. Орталық Екібастұз қаласы балаларының жетпіс пайызына дейін қосымша біліммен қамтып, олардың қабілеттерін ашып, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі, – дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Айтқазина Самал Оспанқызы.
Бірінші қабатта би және театр залдары, сондай-ақ жеке музыка дәрістеріне арналған бөлмелер мен 275 орындық көрермен залы орналасқан. Балалар хореографиямен, театр өнерімен, вокалмен және аспапта орындау шеберлігімен айналыса алады. Екінші қабатта биология зертханасы, ландшафтық архитектура мен флористикалық дизайн студиялары, дебат және медиа орталықтар, сондай-ақ fashion-студия бар. Үшінші қабат толығымен IT-технологияларға арналған: мұнда робототехника мен компьютерлік модельдеу клубтары орналасқан. Сонымен қатар бұл орталықта психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары және жаттығу залы бар.
– ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елордасында өткен аптаның бейсенбі күні аудандық және облыстық білім бөлімдері мен басқармалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңес ұйымдастырды. Осы басқосу аясында білім беру жүйесінің үздік өкілдері марапатталған болатын. Железин ауданының білім беру бөлімінің басшысы – Маржан Қадырқызы Алшимбаева сала жетекшісінің қолынан «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісін алды. Бұл марапат оның кәсібилігіне, білім саласын дамытуға қосқан үлесіне және таңдаған мамандығына адалдығына берілген жоғары баға болып табылады, – дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ
Загрузка...