Құрметті, Ләззат Мақсұтқызы!
Сізді “Білімді ел” газетіңіздің 10 жылдығымен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде сіздің басылымыңыз білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеу саласындағы маңызды ақпарат көзіне айналды. Құрылған сәттен бастап, газет Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолындағы асқақ мақсатқа жетуге елеулі үлес қосты. Сіз білім- табыс кілті екенін, ал патриотизм мен адал еңбек үлкен жетістіктерге жеткізетінін дәлелдедіңіз.
“Білімді ел” тек газет қана емес, ол – педагогикалық қоғамдастықтың дауысы. Сонымен қатар, бағыт беріп, шабыттандыратын ақпараттық алаң. Сіздің кәсіби командаңыз білім мен қоғам игілігі жолында елеулі еңбек етіп, үлгі көрсетуде.
Осы айтулы күні Қазақстандағы білім берудің дамуына үлес қосатын жаңа жобалар, тың идеялар және шығармашылық табыстар тілеймін. Сіздің газетіңіз білімге және прогресске ұмтылатындардың барлығын біріктіріп, қолдап, шабыттандыра берсін!
Мухтар Толеген