Құрметті газет редакциясы!

Сіздерді «Білімді ел – Образованная страна» республикалық білім беру, қоғамдық-саяси газетінің он жылдық белесімен және арнайы шығарылымның жарық көруімен шын жүректен құттықтаймын!

«Білімді ел – Образованная страна» газеті – егеменді еліміздің орта білім беру саласының бүгінгі тыныс-тіршілігі, перспективалық дамуы мен қазіргі сын-қатерлері, жасампаз жетістіктері мен тағылымды тарихының жылнамасын жариялаушы бірегей басылым.

Ұстаздар газетінің тақырыптық айдарлары, педагогтер тәжірибесі, сұхбаттары мен әртүрлі жанрдағы жарияланымдары көпшілік оқырман талғамынан шығуда. Еліміздің педагогикалық қауымдастығы басылымның әр санын асыға күтеді, себебі газетте жарық көретін инновациялық идеялар, сарапшылар кеңесі, оқыту технологиялары мен оқу-тәрбие процесінде сынақтан өткен үздік педагогикалық тәжірибелер ұстаздарымыздың кәсіптік біліктілігін арттыруға зор үлесін қосуда.   

Республикалық басылымның он жылдық белесімен бірге педагогтер қауымдастығы да кәсіби тұрғыда өсу, үздіксіз іздену мен шығармашылық шабыттану жолымен жүріп өтті.

Редакция ұжымы оқырман қауымына цифрлық дәуір талаптарына сай ақпараттық сайт, әлеуметтік желілердегі парақшалар және заманауи ресурстар арқылы мазмұнды контент ұсынып жатқанын да ерекше айтқым келеді.  

«Білімді ел – Образованная страна» басылымының мерейтойлық санына ақ жол тілей отырып, республикалық газет ұжымына тың шығармашылық шабыт, толайым табыс пен ұшқыр қалам тілеймін!

Мадина ТЫНЫБАЕВА
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий