Құрметті Ляззат Мақсұтқызы!

Сізді және Сіз бастаған редакция ұжымын «Білімді ел» республикалық білім беру, қоғамдық-саяси газетінің 10 жылдығымен құттықтаймын! «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм үні» деп алаш арысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, елдің өсіп-өркендеуі жолында баспасөз маңызды рөл атқарады.

Сіздер ұшқыр қаламдарыңыз арқылы тәуелсіз мемлекетіміздің ғылым-білім саласындағы өзекті жаңалықтарын оқырманға жедел жеткізіп, оқу-ағарту мәселесін бұқаралық ақпарат құралының басты тақырыбына айналдыруда кәсіби шеберлік танытып келесіздер.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан Сіздерге ақпараттық қолдау үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Педагогтарға пайдалы газет шығару қамында жүрген редакция ұжымына шалқар шабыт, шадыман шаттық тілеймін!

Мерейтойларыңыз құт-берекелі болсын!

Ізгі тілекпен,

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий