Пікірлерді сараптау – зор еңбек
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Білімді ел – Образованная страна» газетінің бас редакторы Ләззат Түркістанованың атына мерейтоймен құттықтау хат жолдады.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылауға белсене қатысып, мамандардың 7 мыңға жуық пікірін сараптап шыққаныңыз – зор еңбек. Бұдан бөлек, «Ұстазға сүйіспеншілікпен» атты ұстаз мерейін көтеруге арналған әлеуметтік жобаны іске асырдыңыз. Осындай елеулі еңбектеріңіздің қоғамнан алар бағасы әрдайым жоғары бола бермек», – делінген хатта.
Мемлекет басшысының кеңесшісі, сондай-ақ, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласының ілгерілеуіне қосып жүрген үлесін атай келіп, ел игілігі үшін атқарып жүрген жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірген.
Загрузка...