“Білімді ел” газетіне – 10 жыл!
Биыл “Білімді ел” газеті өзінің мерейтойлық 10 жылдық белесін атап өтуде. Осы уақыт ішінде басылым білім беру саласында маңызды ақпараттық алаңға айналып, ұстаздар мен білім саласының мамандарына арналған өзекті тақырыптарды көтеріп, маңызды мәселелерді қоғам талқысына салып келеді. Газет бетінде білім беру жүйесінің жаңа бағыттары мен реформалары, білікті педагогтардың тәжірибелері мен ойлары жарияланып, болашақ ұрпаққа сапалы білім беру жолында зор үлес қосты.
“Білімді ел” – оқырмандарға сапалы ақпарат ұсынатын сенімді серіктес, мұғалімдер мен білім саласының жанашырлары үшін бағдаршам іспетті. Басылымның әр саны білімнің дамуына, жаңашыл ойлардың өрістеуіне және кәсіби біліктіліктің артуына айрықша ықпал етіп келеді.
Газеттің ұжымы мен барлық оқырмандарын осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы уақытта да тың жобалар мен жетістіктерге толы жемісті жылдарды бірге атап өтейік!
Құрметпен, Сенатор Бибігүл Жексенбай
Загрузка...