Шәкәрім университеті: Ғылымды насихаттауды мектептен бастау керек

Абай облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жуырдағы кезекті отырысында аймақтағы әйелдердің ғылыми-инженерлік саладағы рөлімен қатар, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі талқыланған болатын. Жиында академиялық қауымдастық өкілдері мен сала мамандары баяндама жасады, – деп хабарлайды Шәкәрім университетінің медиа орталығы. 

Осы жоғары оқу орнының ғылым жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Жанар Қалибекқызы болашақ әйел ғалымдарды даярлаудың алғашқы кезеңі аса маңызды екенін атап айтты. Оның пікірінше, бұл жұмысты мектеп қабырғасынан бастау қажет. Шәкәрім университетінде еңбек етіп жүрген 736 қызметкердің бес жүз отыз бесі, яғни 70,1 пайызы – әйелдер. Бұл көрсеткіш ғылым жолындағы қыз-келіншектердің осы саладағы сапасының тұрақтылығы мен стратегиялық дамуының негізгі тірегі екеніне айқын дәлел бола алады.

– Ғылыми-зерттеу саласында әйелдерге жұмыс істеу оңай емес. Себебі олар кәсіби қызметпен қатар ана ретіндегі міндетін де қатар алып жүреді. Сондықтан ғылымды насихаттауды мектептен бастау керек. Кейін тәжірибелі әйел ғалымдардың тәлімгерлік қызметін дамыту, олардың ғылыми еңбектері мен жетістіктерін кеңінен таныстыру маңызды. Сонымен қатар әйелдердің кәсіби қызметі мен жеке өмірі арасында тепе-теңдік сақталатын қолайлы ғылыми орта қалыптастыру қажет, – деді ол.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий