Шәкәрім университеті: Жергілікті жастарға оқытылатын мамандықтарды таныстырып, кәсіби бағдар берді
Семей қаласында облыс жастарының қатысуымен ұйымдастырылған «Жастар – Заң мен тәртіп үшін!» тақырыбындағы спорт фестивалінің басты идеясы – «Заң мен тәртіп» қағидатын жастарға жақын әрі түсінікті форматта жеткізу, заңға құрмет, жауапкершілік, салауатты өмір салты мен саналы таңдауды дәріптеу болатын, – деп хабарлайды Шәкәрім университетінің медиа орталығы.

Облыс әкімдігі және облыстық прокуратураның бірлесуіндегі қорытынды кезеңде спортты, білімді, белсенділік пен ортақ құндылықтарды бір алаңда тоғыстырды. Жастар армрестлинг пен турникке тартылудан жарысып, түрлі спорттық ойындар мен интерактивтерге қатысты. «Есірткісіз өмір» алаңы да жұмыс істеді. Бұл бірегей босқсуға 14–34 жас аралығындағы өңірдің студент жастары мен балалар үйлері және интернат мекемелерінің тәрбиеленушілері арнайы шақырылған еді.

Іс-шара барысында спорттық жарыстар, белсенді ойындар мен танымдық алаңдар ұйымдастырылып, жастар салауатты өмір салтын насихаттап, заң мен тәртіп қағидаттарын қолдады. Армрестлинг пен турникке тартылудан өткен жарыстарда қатысушылар күш пен төзімділіктен сынға түсіп, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Shakarim University мен Alikhan Bokeikhan University, Семей медицина университетіне қоса Abai IT-Valley өкілдері жастарға білім беру бағдарламалары мен оқу мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіптік бағдар берді. Фестиваль аумағында Dәмді және Dodo фуд-корттары жұмыс істеп, жастарға арналған интерактивтер, байқаулар мен түрлі белсенділіктер мерекелік атмосфераны толықтырды.
Загрузка...