Шәкәрім университеті: Жасыл әлемнің жас жанашырлары

Шәкәрім университетіндегі «Орман ресурстары және аңшылықтану» білім беру бағдарламасы – табиғатқа жанашыр, экологияға бейжай қарамайтын, еліміздің жасыл қорын сақтап, дамытуға үлес қосуды армандайтын талапкерлерге арналған, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Бұл мамандықты таңдаған студенттер орман шаруашылығын ұйымдастыруды, орман қорын тиімді пайдалануды, биологиялық әртүрлілікті сақтауды, жабайы жануарлар дүниесін қорғау мен аңшылық шаруашылығын ғылыми негізде басқаруды меңгереді. Сонымен қатар табиғи ресурстарды қалпына келтіру, экологиялық мониторинг жүргізу, заманауи технологияларды пайдалану бағытында кәсіби білім алады.

Бұл білім беру бағдарламасының түлектері мемлекеттік орман мекемелерінде, ұлттық парктерде, қорықтарда, аңшылық шаруашылықтарында, табиғатты қорғау ұйымдарында еңбек етіп, еліміздің табиғи байлығын сақтауға өз үлесін қоса алады. Табиғатпен үндес өмір сүріп, оны болашақ ұрпаққа аман жеткізуді басты мақсатына санаған биылғы мектеп бітірушілердің біразы жасыл әлемнің жас жанашырлары болуға асығуда. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий