Шәкәрім университеті: Жоғары оқу орнының педагогтері мен студенттер далалық археология мектебіне қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Бестерек» ғылыми-археологиялық кешені базасында «Археологиядағы пәнаралық әдістер» атты халықаралық жазғы далалық археологиялық мектепті Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Шәкәрім университеті» КеАҚ бірлесе ұйымдастырған. . 

Бұл мектептің тарихи тұрғыдан берері мол. «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырған жазғы мектеп аясындағы ауқымды шараға археология, антропология, мәдени мұраны зерттеу бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын жоғары курс студенттері, магистранттар, PhD докторанттар, ізденісі мол жас ғалымдар қатысты.

Сондай-ақ археологиялық жазғы мектепке қызығушылық білдіргендер арасында Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Ресей ғалымдары, еліміздің жетекші ғылыми орталық өкілдері, студенттер мен ғылыми қызметкерлер бар. Мектептің бағдарламасы төрт негізгі бағыттағы теориялық дәрістер мен практикалық модульдерді қамтыды. Біріншісі ахеологиядағы ГАЖ технологиялар және деректерді тіркеу әдістері, екіншісі LiDAR тәсілімен түсірілім жасау, үшіншісі физикалық антропологиялық зерттеу болса, төртіншісі археозология-остеологиялық материалдармен жұмыс жасау.

Бағдарлама аясында далалық лагердегі оқу сабақтарымен қатар Шығыс өңірдің маңызды археологиялық ескерткіштеріне ғылыми танымдық экспедициялық сапарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ақбауыр бірегей кешеніндегі ерекшеліктер, Қалба жотасындағы ежелгі қалайы кеніштері сияқты тарихи маңызы айрықша нысандарға жан-жақты талдау жүргізілді. Археологиялық жазғы мектеп жұмысы алдағы жылдарда да жүйелі жалғаса беретін болады.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий